Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 класс)

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

 Сабақ тақырыбы:     Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы

                                                                          қазбалар.

Сабақ мақсаты:                                                           

1.Білімдік: Оқушылар Еліміздің пайдалы қазбалары, соның ішінде жанатын пайдалы қазбалар олардың таралу заңдылықтарымен танысады.  

2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, саяси-саналылыққа тәрбиелеу, атамекенге, табиғатқа,  халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

3.Дамытушылық:  карта, атласпен жұмыс дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижелері:

Оқушылардың еліміздің пайдалы қазбалары, соның ішінде жанатын пайдалы қазбалар олардың таралу заңдылықтары жөніндегі түсініктері кеңейеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге  ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге  топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Сабақ түрі: СТО арқылы дамыта оқыту

Ресурстар: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, жұмыс дәптері 8-с, 8-сынып физикалық географиясы электрондық  оқулығы, интерактивті тақта, түрлі фигуралар («Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар)) салынған парақшалар, плакат, маркер, смайликтер, стикерлер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар:  жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар, картамен, кескін картамен жұмыс, «крестик-нөлдік-үшбұрыш» ойыны, «миға шабуыл», «бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиялары, интерактивті әдіс, топтық жұмыс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 471.9 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 158

Похожие материалы