«Азаттықтың ақ таңы!»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Азаттықтың ақ таңы!»  Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік:оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістіктері мен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет- ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыру.Тәуелсіздігіміздің 22 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, ана тіліне құрметпен қарап, өз Отанын қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты: оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой- өрісін кеңейту. Тәрбиелік мақсаты: өз елінің тарихын құрметтеуге, паториоты болуға, адамгершілікпен елін, жерін,  Отанын сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: «ҚР Мемлекттік рәміздері», «Астана – бас қала » тақырыбында» 2010 ж. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы»  тақырыбында бүктемелер, Кітап көрмесі,слайдтар, интерактивті тақта, ақпараттық технология. Сабақтың түрі. Саяхат сабағы. Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  «Азаттықтың ақ таңы» атты ашық тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер! Тәрбие сағаты саяхат түрінде өтеді. Тәрбие сағатымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен бастағым келеді: «Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу- ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан». Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ: 1723  жыл-  Жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды,  Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. 1929- 1933 жж. Ұжымдастыру салдарынан адамдардың жаппай аштан қырылды. 2,2 млн қазақ қаза тапты, 1,5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті. 1936-38 жж. Репрессия. 1941-45жж.- Ұлы Отан соғысы. 1986 жыл- Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды. Желтоқсан құрбандары  1 минут үнсіздікпен еске алайық.Алғашқы сөзіміз  Елбасы туралы болмақ, Жасампаздық жылнамасына саяхатымыздың алғашқы бағыты Екінші бағыт-1992 жылы ҚР Мемлекттік туы мен елтаңбасы бекітілді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген.Үшінші бағыт-1995 жыл 30 тамыз ҚР конституциясы қабылданды. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз Төртінші бағыт-1995 жыл 1 наурыз. Қазақстан Ассамблеясы құрылды.Бесінші бағыт -1996-2012 жж. Спорттағы жетістіктеріміз.Алтыншы бағыт. 1997 ж, «Қазақстан -2030» Елбасымыз 1997 жылы жарияланған. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтудың бір жолы ретінде халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуді нұсқады.Жетінші бағыт 1997 жыл. Астана- еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Сегізінші бағыт. 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы ЕУРОПАДАҒЫ   ҚАУІПСІЗДІК е ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ҰЙЫМЫ – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және Солтүстік Американың,  Еуропа мен Орталық Азияның 56 елін бріктіретін аса ірі өңірлік құрылым.Тоғызынша бағыт:2011 ж«Азиада жасмапздықтың жемісі» Қазақ спортшылары мақсаттары:Оныншы бағыт:  2012 ж, 22 қараша ЭКСПО-2017. Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық барысы. Бейне ролик.Он бірінші бағыт.2012-2014 ж. Ауылды қолдау жылы.Қорытынды сөз:Балалар, «Азаттықтың ақ таңы » дегенде жүрегі елжіремейтін қазақ жоқ шығар. Бұл ұлан-байтақ жерді бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қорғап,бізге аманат етті.Сондықтан біз үшін қазақ  даласының ұлтарақтай жерінің өзі баға жетпестей қымбат.Сол қымбат байлығымызды қасерлеп,құрметтеуіміз керек. Сендер Қазақстанда туылған қазақ балалары  екенін мақтан етіңдер. Еліміздің көркеюуіне үлес қос, ол үшін қазір сендер жақсы оқуларың, жаман әдеттерден аулақ болуларын, өзгелерді сыйлауларын, мемлекетке құрметпен қарауларын қажет. Өйткені сендер Қазақстанның болашағысыздар! Дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды   Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені » әнімен  қорытындыласақ. Сабаққа белсене қатысқандарға көп рахмет!Осымен тәрбие сағатымыз аяқталу шегінде.Қош сау болыңыздар!
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 100.5 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 201

Похожие материалы