Здесь была ссылка на работу »Қазағым менің « Күләш Ахметова автора Омиркулова Бакыткул Дуйсеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова Сабақтың мақсаты: 1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру. 2. Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту. Еңбек етуге , ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық. Сабақтың барысы: 1. Қызығушылықты ояту. «Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бола білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру. «Туған өлкем-тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді. · Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер? · Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру. · Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие? · Қазақ халқы. · Қазақ қандай халық? Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу. Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады. -батыр -қонақжай - өнерлі Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы, 1-топ батырлықты дәріптейді. 2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді. 3-топ өнерлерін көрсетеді. Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі оның мимикасы мен бас изеуінен, таңданғанынан көрінуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.