Б. Майлин шығармашылығы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Бұл сабақ жоспары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналады. Сабақтың тақырыбы:  Б. Майлиннің өімірі мен шығармашылығы. Б.Майлин XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті.             Бейімбет «Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 ауылында дүниеге келген. (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Жалшы ауылы) Атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалып, шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас  есті, сөзге жүйрік, дарынды, өлеңге әуес болған.             Алғашқыда ауыл молдасынан, Арғынбаев Әбдірахман  деген кісінің медресесінен(1910)  оқиды. 1913-14ж Тройцкідегі  «Уазифа» мектебінде сабақ алып, одан кейін «Ғалия» медресесінде оқиды. Бұл жерде ол  татар халқының белгілі жазушылары ҒАлымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафуримен танысады. Медреседе шығатын «Садақ» деген қолжазба журналда  алғашқы туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесі шығады. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.45 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 305

Похожие материалы