"Бағалау туралы" коучинг жоспары
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Абдыжамалова Кульмира Кемаловна
|
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Екінші деңгей бағдарламасын толық меңгеріп, өз мектебіме оралғаннан кейін мұғалімдерден сауалнама ала отырып, коучингтік бір жылдық жоспарымды жасадым. Ең алғашқы коучинг сабағымның тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау» болды. Бұл тақырыпты алған себебім, осы жеті модульдің барлағы сын тұрғысынан ойлауға келіп тіреледі және мұғалімдердің түсінігі бойынша «сын тұрғысынан ойлау» дегеніміз- біреуді сынау немесе кемшілігін табу екен. Сонымен бірге осы жеті модульдің қайсысын алсақ та сын тұрғысынан ойлау арқылы жүзеге асатындықтан осы тақырып жөнінде мұғалімдерге дұрыс мағлұмат беру және ойлаудың әлдеқайда жоғарғы деңгейін әріптестердің өз сабақтары мен өмірлерінде шебер қолдана білуге түрткі болу, оқушыларға сапалы білім беру мақсатында олардың бойында метасана мен метатануды қалыптастыру мақсаты болды.
Мен білім беретін мектепте барлығы 124 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 70 пайызы жас мамандардан тұрады. Олардың барлығы дерлік тәлім алуға зәру десек те болады. Әрине, олардың бөлініп берілген тәлімгерлері бар, дегенмен де олардың өздері дәстүрлі білім беруге қалыптасып қалған. Сол себепті коучингке тәлімгерлер мен тәлім алушыларды араластырып шақырдым және алғашқы коучингке он адам қатысты
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 260.77 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |