Бағдарлама тақырыбы: Бұйымды өлшемсіз дайындау Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты өңдеу. Бөлшектерімен танысу,қалтаны өңдеу
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Мукамбетжанова Жазира Бектурсыновна
|
Бағдарлама тақырыбы: Бұйымды өлшемсіз дайындау
Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты өңдеу. Бөлшектерімен танысу,қалтаны өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлшемсіз бұйымды дайындауды, соның ішінде алжапқышты практикада тігіп үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістіксабағында қолданып,технологиялыққабілетін дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, технология, үлгілеу, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспенұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Адасқан әріптер». Оқушылар «қақақша, қалта, астар, әдіп, бүйір, тігіс» деген сөздерді кестеден табуы керек
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
«Алжапқышты өңдеу. Бөлшектерімен танысу,қалтаны өңдеу»
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау:
Алжапқыш - үй немесе өндірістік орындарда ластардан қорғау үшін киілетін киім. Негізінен алжапқыш белінен белдікпен байланады, сонымен қатар аспабаумен байланатын алжапқышта болуы мүмкін.
Пайдаланужағынан олар:
Алжапқыштың моделі
Пішім бөлшектері
«Жапсырма қалтаны өңдеу»
Пішім бөлшектері:
Кездесетінақауларға көңіл аудару
Тақырып бойынша білімдерін бекіту: Кейс тақырыбы:«Алжапқышты дұрыс пішу».
Бұл күні ауа- райы тамаша еді. 5- сынып оқушысы Айгүл, технология сабағында алжапқыштың базалық сызбасын сызып үйренді. Үйге қайтарға жақын Айгүл тезірек жүріп, анасының маталарынның арасына өзіне ұнайтын матаныалып алжапқышты өзі пішкісі келді. Ата- анасы үйде болмады.Тез- тез киімін ауыстырып, матаны іздеп, тауып алды. Жерге матаны жайып жіберді, лекалоны алып, матаныңқақ ортасына түйрей салды. «Бөлшектерді немен сызсам екен?»- деп ойланды, жауап бірден келді, «Әрине қаламмен! Сызықтар анық көрінеді ғой»-деп сызып тастады. Сызықтар бойынша қайшыны алып алжапқыштың бөлшектерін қиып алды, сосын ентігіп айнаға қарай жүгіре жөнелді, ал айнада ол алжапқыштың тек жарты бөлшегін ғана көрді...
Сұрақ:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 459.68 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |