Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі.

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Конспекты
Автор:
Халқымыздың данышпаны, ұлы Абай бала болашағы және тәрбие ісіндегі қызмет туралы : «Адам үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан,әсіресе , солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» дейді. Ата-ана тәрбиесі-бала үшін алғашқы тағылым. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі де міндеті. Осы орайда ұлы педагог А. Макаренконың : «Сіз баланыздың тәрбиесіне бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріп алыңыз» деген сөзі ойға оралады. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс және бала тәрбиес мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуы керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі шешуші маңыз атқарған халықтық педагогикалық өміршеңдік мұралар мен киелі қайнарлар бүгінде өз маңызын жойған жоқ. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып, қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністер баланы сын көзбен қарауға үйретеді.   Ата-бабамыз: « Адам ұрпағымен мың жасайды» деп ұлағатты көрегенділік таныта отырып, ұрпақ тәрбиесі мен болашағына қажетті рухани байлық қажет еткен. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, тәрбиелеуді керек етеді.  « Жас бала –жаңа өркенжайған жасыл ағаш тәрізді» дейді қазақ халқы. Жерге отырғызылған жас көшет те мәпелеп күтіп, үзбей күтімді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Халқымыз қыз балаға отбасы ұйытқысы деп қарап, үй іші жұмыстарын үйреткен. «Тау суындай тұнық бол, қыз мінезді сынық бол» деп тәрбие берген. Сол сияқты ата-бабамыз ұл баланың тәрбиесіне де ерекше мән беріп, өмірге ерте бастан даярлаған.   Әрбір ата-ана-өзінің баласын Отанға пайдалы , өзінің мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам ететәрбиелеуге халық аллдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде, ол бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынын ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.        Бала тәрбиесі туралы туралы сөз болғанда : « Баланы жастан », деген  халық даналығын ұмытуға хақымыз жоқ. Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрін түсінеді» деп қарау –барып, тұрған қателік. Бала тәрбиесі –әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізе беретін аса жауапты, күрделң процесс.     
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 52.5 Kb
Количество скачиваний: 63
Просмотров: 253

Похожие материалы