Балалар музыкасының әлемі

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Музыка мектебі –балалар музыкасының әлемі   Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір бөлігі. Сан алуан әуенге, алуан дыбысқа кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа толы. Біздің әрбір күніміз музыкамен, әнмен, күймен басталады. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, жұмысымызда үнемі бізбен бірге. Олай болса, музыка-біздің өмірлік жан серігіміз. Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық, вокальдық, эстрадалық, биге арналған тағы басқа музыка түрлері болады. Музыканың классикалық, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ осы музыканы тыңдап түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену-үлкен өнер. «Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деген  Р.Ролланның керемет сөздері бар. Демек, музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік, өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Жағдайға байланысты біз бірде қуанамыз, бірде мұңаямыз, кейде мерейленеміз, кейде қайғырамыз. Егер музыка осы сезімдерді айтып берсе, демек оның болмысын сәулелендіргені. Музыка мектебі - шын мәнінде балалар музыкасының әлемі. 1964 жылдан бастап өз алдына аудандық музыка мектебі болып ашылған мектеп ұжымы оқытушылары музыкаға бейімі бар балаларға дәріс беріп, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде оқушылар саны 500-ге жуықтап, оларға 52 маман оқытушылары дәріс беруде. Соның ішінде фортепиано класы бойынша 40 оқушы оқып, оларға 4 маман оқытушы сабақ беруде. Мектебіміздің алдына қойып отырған ең басты талабы - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп шәкірттері аудандық, облыстық, халықаралық дәрежедегі конкурс, фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Оқушылар мұнда әр түрлі аспаптарда ойнауды үйренеді және бұл аспаптарда олар халықтық, классикалық және қазақ музыкасы әуендерінің түр-түрін ойнай алады. Біздің мақсатымыз баланың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыканы тыңдай білуге, түсіне білуге баулу. Фортепиано бөліміндегі оқушылардың әрқайсысының жеке бағдарламасын үнемі байыту, академиялық концерттердің нәтижесін үнемі талқылау, балалармен жұмыс істейтін педагогтардың назарын классикалық туындылармен қатар, қазақстан  композиторларының халық әндерін пайдалануға бағыттайды. Сабақ барысында оқу құралдарының ішінен А.Николаевтың редакциясынан шыққан «Фортепианода үйрену мектебі», «Фортепианолық ойнау», Л.А.Баренбоймның «Музыкаға үйретудің жолы» және де тағы басқа кітаптарын  пайдаланамыз. Б.Миличтің «Кішкене пианиске» немесе Н.Соколовтың «Баланы рояльда ойнауға үйрету» сияқты жинақтары қолданылады. Кәсіби музыка өнерінің дамуында веналық классикалық мектептің басты өкілдері Й.Гайдн, В.Моцарт, Л.Бетховендердің алатын орны ерекше. «Классикалық» деген ұғым латыннан аударғанда «үлгілі» (образцовый) деген сөз. Гайднды Вена мен Вена маңында тұрғандықтан, Веналық классик деп те атайды. Мұндай жоғары атаққа Гайдннен кейін Моцарт пен Бетховен ие болды. Йозеф Гайдн (1732-1809) - Австрияның ұлы композиторы, аспаптық музыкадағы классикалық  стильдің негізін қалаушы. Гайдн  творчествосы өмірлік дүние танымымен, образдардың шыншылдығымен, терең тебіреністі халықтығымен ерекшеленеді. Өзінің алғашқы квартеттерін 18ғасырдың 50-шы жылдарында, алғашқы симфонияларын 50-60 жылдары жазса, 90-жылдары бұл жанрларды шыңына жеткізді. Ол өзінің ұзақ өмірінде 30шақты опера, 3 оратория, 104 симфония, 14 месса, увертюралар, квартеттер тағы басқа шығармалар жазған. Й.Гайднді «симфония мен квартеттің атасы» деп атайды. Вольфганг  Амадей Моцарт (1756-1791) – Австрияның ұлы композиторы, Венаның классикалық мектебінің ірі өкілі. Оның өмірі таңғажайып, ерекше бір құбылыс. Ол бар болғаны 35 жыл өмір сүрді. Осы аз уақыттың  ішінде 50 симфония, 19 опера, сонаталар, квартеттер, квинтеттер жазған. Оның аспаптық шығармалары тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, тамсандырып келеді. Адамның көңіл-күйілерін баяндау, бақытты өмірді аңсау, халықтың күш қуатына деген сенім - Моцарт туындыларының негізгі тақырыбы болды Ұлы классик-музыканттардың еңбектерін, шығармаларын жас өнерпаздарға үйретіп, эстетикалық тәрбиеге баулып жүрген фортепиано бөлімінің ардагер ұстаздары Қ.Жазықбай, К.Әбіш - жоғары білімді, арнайы музыкалық оқу орнын оқып бітірген жас оқытушылар Б.Алпысбай, А.Дарибаева, С.Наурызбайлар музыка мектебінде жемісті еңбек етіп,  өз үлестерін қосып келеді. Білім сапасының жоғары көрсеткіштерге жетіп, баланың орындаушылық  қабілеттерінің шыңдалуына, адамгершілік болмысының жоғарылауына, отан сүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеп жүрген ізденімпаз мұғалімдерді мектебіміздің 50 жылдық мерейлі мерекесін табысты, жемісті қарсы алып, ұстаздық  қызметтеріне шығармашылық табыс тілеймін.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 240

Похожие материалы