«Балаларға гигиена дегеніміз не?»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Тақырыбы: «Балаларға гигиена дегеніміз не?«Мақсаты:Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту қол жуу, аяқты,теріні күту, шаш күту мен тіс тазалау туралытүсініктерін кеңейту. Сыныбы: Шағын орталық     Барысы:   Жеке бас тазалығының ережелері.- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;- Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;-Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.Сенің шашың күтімді қажет етеді. Шаштың досы – тарақ,, ол әрқашанда таза болсын.Бөгде тарақпен таранба. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.Сенің аяқ киімдерің де тазалық пен ұқыптылық жақсы көреді: оны жу, кептір, аяқ киім маймен майла.Бөгде аяқ киімді киме. Адамдарда отыз екі тіс бар, оның алғашқылары сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өсетінін айтады.Осы отыз екі тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек. Тамақта үнемі орамжапырақты қолдану керек, оның құрамында тісті және қызыл етін сақтауғакөмегін тигізетін «С» дәрумені бар.Сүтті көп ішсеңдер,тіс мықты болады. .3.Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпе.4.Жаңғақты тісіңмен шақпа5.Тәттіні көп қолданба.ҚОРЫТЫНДЫ
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.74 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 143

Похожие материалы