«Балалығым - балбұлағым» ашық тәрбие сағаты

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мұғалім:      Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамы құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Кешегі сәби балаңыз, Жарады, міне қараңыз. Ғылым, білім жолына Енді қайық саламыз. Мұғалім:  Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайда келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік? Оқушылар:   Біз мектепке келдік. Мұғалім:     Мектепке не үшін келдіңдер? Оқушылар:    Біз оқу үшін келдік. Мұғалім:      Мектепте сендерді кім дейді? Оқушылар:           Оқушы дейді. Мұғалім:  Өте жақсы, оқушы мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді. - Енді балаларымыздың тақпағына кезек берейік.   Ж.Ақбота:            Бірінші қыркүйек күнімен,                                Аңқыған жұпары гүлімен.                                Келіп ем қарсы алды мектебім,                                Сүйкімді қоңырау үнімен. Қуандық:             Суретті де саламыз,                                Әріптерді жазамыз.                                Затты күтіп ұстаймыз,                                Тәртіптіміз тазамыз. Залина:                 Білімнен жұпар жинаймын,                                Еліме бақыт сылаймын.                                Жүрекпен сүйіп Отанды,                                Жүрекпен мәңгі жырлаймын. Би:       «Адай биі»    Марлен, Қуандық, Сырым, Жанболат.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 61 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 137

Похожие материалы