»Ұшқыр ой мен шешентіл«Интеллектуалды сайыс

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. 3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация, интерактивті тақта, слайд,. Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. 2) Әділқазылар алқасын сайлау. 3) Сайыстың мақсатымен таныстыру. 4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу. Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру. Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 3 топ қатысады. Ойын VІІ айналымнан тұрады. Ойын ережесімен таныстыру. Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады. І-топ. Топтың аты – «Сұңқар» Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда. ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар» Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды. ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз Көркейтеміз елді біз. Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз. І -айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді. «Сұңқар» тобына: 1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір) 2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен) 3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?) 4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?) 5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем) 6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі) «Тұлпар» тобына: 1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке) 2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік) 3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ) 4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман) 5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен) 6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте) «Болашақ» тобына: 1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді) 2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау) 3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у ) 4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді) 5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?) 6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік) ІІ айналым «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.48 Mb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 166

Похожие материалы