«Баланың сыныптағы беделі» ата - аналарға арналған тренинг

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ата – аналар жиналысы

Тақырыбы: «Баланың сыныптағы беделі»

(5 сынып ата – аналарыүшін)

Мақсаты: Ата – аналармен бетпе – бет кездесе отырып, жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алмасып, ата – аналармен жақсы қарым – қатынас жасау, пікір алысуға ынталандыру, ортақ шешімді анықтау, болашақта балалармен жұмыс істеу міндетін белгілеу.

 

Семинардың барысы.

 

         Кіріспе: Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата – ананың, мұғалімдердің және сыныптағы құрдастарының маңызы өте зор. «Тәрбие дегеніміз – баланың сезімін оятып, жақсылық жасауға, мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата салтын, ана тілін құрметтейтін, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» жасай білетінадам етіп баулу деген сөз. Бала - әр адамның, әр ата – ананың болашағы, өмірінің жалғасы. Баланың тәртібі сыныптағы беделіне байланысты, баланың беделі ата – анаға да тікелей байланысты. Сіз балаңыздың сыныптағы беделін білесіз бе? Сіз үшін баланың беделі маңызды ма? Баланың беделі деген не? Ассоциация құрайық.

І.Ой қозғау. Баланың беделі деген не? (Күннің бейнесін жасау)

Ата – аналар пікірі.

Ата-аналарға арналған сауалнама

(ой – түрткі ретіндегі ақпарат)

1.     Сіздің балаңыз ең алғаш мектепке барғысы келіп пе еді?

2.     Оқу барысында Сіздің балаңыздың мектепке деген көзқарасы өзгерді ме? («ия» десеңіз, онда қашан және неге?)

3.     Сіздің балаңыз қандай сабақтарға қызығушылық білдіреді?

4.     Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз тез орындайды?

5.      Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз жәй және еріксіз орындайды?

6.     Сіз үй тапсырмасын тексересіз бе?

 а) әрқашан

 ә) жиі

 б) кейде

 в) қажет деп есептемеймін

       7.    Сіздің балаңыз таңертең (немесе түсте) сабаққа барарда:

             а) ынтамен

             ә) еріксіз

             б) көңілсіз, қызықпайды.

       8    Балаңыз оқу барысында Сізді не уайымдатады?

       9    Сіздің ойыңызша, оны қалай түзетуге болады?

     10    Ұстаздарға Сіздің тілегіңіз бар ма?

 

 

 

 

ІІ. Сыныптағы баланың беделі:

Оқушының сыныптағы беделі келесі типтерге бөлінеді:

Ø     Лидер – басшы, барлық сыныптастарына сөзі жүретін, қандай да болмасын жағдайға араласып, өз ойы мен пікірін ашық айта алатын оқушы.

Ø     Бақылаушы - өзін сыныптастарынан үлкен санайтын оқушы, бұл оқушының өзінен үлкен достары бар немесе ақыл – ойы ерте жетілген бала.

Ø     Жұлдызша – сыныптағы ең сүйкімді иә ұл, иә қыз. Бұл бала барлығына көмекке келгіш, аяғыш, артық қаламын бере салғыш.

Ø     «Топқа қабылданған» - сыныптағы көпшіліктің бірі, лидердің соңынан ереді, көпшіліктің сөзіне ереді. Өз ойын ашық айта алмайды.

Ø     «Ақ қарға» - елден ерекше бала, бұл жастағы сәнге сай киіне алмайтын,  музыкалық топтарды айыра алмайтын оқушы болуы мүмкін.

Ø     «Шеттелген» - бұл оқушы барлық сыныптастарының мазағына айналып, сыныптан оқшауланып, өзімен өзі жүреді.

   Ата – анаға берілетін кеңес:

Ø     Егер балаңыз лидер болса – балаға бос сөйлемей өз ойын айтарда оған дәлел, нақты фактілерге сүйене отырып айтуды және өзінен үлкен адамға қарсы көзқарас айтарда сыпайы формада, дауыс көтермей айтуды үйрету керек.

Ø     Егер балаңыз бақылаушы болса – сізді шын жүректен құттықтағым келеді, өйткені сіздің балаңызды, барлығы сыйлап, оның айтқанын істейді. Бұл бала билікке таласпайды, бірақ лидердің өзі бұл баламен ақылдасады.

Ø     Жұлдызша болса – балаңызға өзге адамдарға көмекке келерде, ол адамды мейіріммен құртып алуға болатынын айтыңыз. Әр бала өздігімен есеп шығарып, өздігімен жазып үйрену керектігін айтыңыз.

Ø     «Топқа қабылданған» - бұл оқушының ата – анасы өз ойын ашық айтуды үйреткен жөн және де балаға лидер болуға не жетпейтіндігін қарап көріңіз, киімі түгел ме, құрдастарымен бірге жүруіне не кедергі келтіретінін анықтап көріңз.

Ø     «Ақ қарға» - бұл жаста ұлға қыздың, қызға ұлдың киімін кигізбеңіз, соңғы сән үлгілеріне сай киім алып беріңіз, балаға өмірге көзқарасын қалыптастыруға үйретіңіз.

Ø     «Шеттелген» - балаңыздың жағдайы өте қиын, бұл сыныпта беделі өте төмен, балаға өзге ортадан дос табуға мүмкіндік жасаңыз, секция, спорт мектебі, шығармашылық үйінің үйірмелеріне қатыстырыңыз, сол жерде дос тауып беделі, бақылаушыға дейін көтерілу мүмкін.

 

 

 

 

 

    Сіз қандай ата-анасыз?

 

  Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

1. Саған қанша рет қайталап айтамын.                          2 ұпай

      2. Маған ақылынды айта қойшы.                                     1

      3. Мен сенсіз не істер едім!                                               1

      4. Сонша кімге тартқансын!                                             2

      5. Сенің достарың қандай тамаша адамдар!                   1

      6. Туу, ұқсағансың!                                                           2

      7. Мен сенің кезімде ...                                                      2

      8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой!                      1

      9. Сенің достарың өзі қандай адамдар ...                         2

      10. Сен тегі не ойлап жүресің?!                                        2

      11. Сен менің ақылшымсын!                                             1

      12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсын?                          1

      13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен ...                2

      14. Сен қалай ойлап тапқышсың!                                    1

     Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине, Сіздің қандай ата-ана екеніңізді  Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға беріліп отыр.

      Кілті:    7 – 8 – Сіз балаңыз екеуіңіз бір – біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы силайды. Сіздердің қатынастырыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

                        9 – 10 ұпай – Сіз қарым – қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді силағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.

                       11 – 14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдапйларда қолдамайсыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?

(Қолыңыздан келе ме?)

Шарты:  зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

Жауаптар:

А) қолымнан келеді және әр кез солай жасаймын.

Ә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын.

Б) қолымнан келмейді.

1. Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3. Баланың алдында жасаған қателініңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5. Егер баланың  қылығы Сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8. Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн лу қолыңыздан келе ме?

12. Егер де Сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу Сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Баланың егер де бір нәрсені алып бер деп сұранғалы тұрса, Сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

       Кілті: А – 3 ұпай, Б – 2 ұпай, В – 1 ұпай. 

       16 ұпайға дейін  - Баланы тәрбиелеуде Сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Ұстамдылық жеткіліксіз.мБаланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару щқажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

       16 – 30 – Сіздің ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде Сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән берген де қажет деп ойлаймыз.

        30 – 39 – Бала – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Ол баланы түсінуге және білуге тырыссасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, Сіздің іс-әрекетініз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 921 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 136

Похожие материалы