«Баратырық», «Келатырық», «Отырық», «Жатырық» сөздері қайдан келді? Баяндама
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Айткалиева Жанара Азаматовна
Здесь была ссылка на работу «Баратырық», «Келатырық», «Отырық», «Жатырық» сөздері қайдан келді? Баяндама автора Айткалиева Жанара Азаматовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақ халқында «Ұлт қасиеті –тілінде, құс қасиеті –қанатында», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тілі өлген ел –тірі өлген ел» деген нақыл сөздер бар... бұл жалған дүниеде көретінің де, еститінің де көп болады екен... Орталық алаңда бұрқақ жанында демалып отыр едім, жанымнан қазақтың әдемі бойжеткен қызы ұялы телефонымен әлдекіммен сөйлесіп бара жатты, оның сөйлеген сөзі құлағымды елең еткізді: «Әпке, біз жаңа жолға шықтық, күте тұр, баратырық...» осы жерде «Баратырығы несі?» деген ой келеді, ол сөзді «Бара жатырмыз» десе дұрыс болар еді. Мұндай «ғажайып» сөздерді үлкен кісілер де айтатын болған. Жасы жетпістерді шамалап қалған Өткірбай деген ағамыз: «Сонымен Шымкенттен түскі сағат бірде келдік. Құланнан келетін құдам Тебінгенді күтіп жатырық», дейді. «Жатырық» деген не?» десе, ол: «Жаттық, күтіп жаттық» деген сөз ғой», -дейді. Сонан соң жақында тағы бір «келатырық» деген сөзді естідік. Жасы жиырмадан асқан жас жігіт ұялы телефоннан әлдекімге айқайлайды: «Асықпа, келатырық, бір сағаттан соң жетеміз...» Бірде базарда бір әйел әлдекімге ұялы телефоннан: «Сені күтіп отырық» дейді. Сонда қазақ қоғамында «баратырық», «келатырық», «отырық», «жатырық» «күте тұрық», «қоя тұрық» деген сөздер қаптап кеткен бе деген ой келеді... Орыстың белгілі ғалымы В.В.Радлов ақ сүт берген ана тіліміз туралы былай деп тасқа басып жазып кеткен: «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешең, әсіресе сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңқалдырады». Міне, осы Радлов бағалаған әуезді де әсем тіліміздің қолданылу аясын неге кеңітпейміз? Осындай ғажайып тілімізді неге шұбарлап сөйлейміз? Бұл –біздің азаматтығымызға сын. Сондықтан ана тілімізде сөйлегенде өзге тілдерден енген сөздерді араластырмай, әрбір сөзімізді бұрмаламай сөйлеп, қазақ тілінің өркен жаюына үлес қосуымыз қажет.