Бақшадағы көкөністер
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Козыбай Жадыра Смагуловна
|
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика Тақырыбы: Бақшадағы көкөністер Мақсаты: Көкөністер туралы түсінік беру, түстері мен пішіндерін ажыратуға үйрету. Міндеті: - Еңбексүйгіштікке, байқампаздыққа тәрбиелеу. - Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. - Ойлау, есте сақтау, кеңістікті бағдарлай білуін дамыту. Алдын-ала жұмыс: Шаттық шеңбер, қуанышты сәт. Сөздік жұмыс: Қызанақ, қияр, қырыққабат Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын. Көрнекілігі: Фланелеграф, сурет, көкөністер Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Ынтыландыру, сезімді ояту Шаттық шеңбері Бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді білдірейік. Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз Қонақтарды көргенде, Қуанып бір қаламыз. Сәлем, сәлем, сәлем! Жарайсыңдар балалар, менде сендерге сәттілік тілеймін. Балалар тәрбиешінің көмегімен қимыл-қозғалыстар жасайды. (қуанады, шаттанады) Ұйымдастыру, ізденушілік Қуанышты сәт. Топқа қолдарына себет ұстаған қоян мен көжек кіреді. Қоянның себетінде көкөністер бар. Қоян: Сәлеметсіңдерме, балалар! Маған кірпі досым мынадай себет толы өнімді сыйға берді. Осылардың ішінен тек сәбізді ғана танимын. Ал қалғандарын білмедім. Соны маған таныстырып беріңдерші. - Балалар, біз үлкен қоян мен кішкентай көжектің өтінішін орындай аламыз ба? - Жарайсыңдар! Қазір біз таным білім беру саласы бойынша жұмыс жасаймыз. Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің түрі сезім тәрбиесі. Бізге қоян себет толы көкөністер әкеледі. Демек, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Бақшадағы көкөністер» деп аталады. Тәрбиеші «Көкөністер» туралы өлең оқиды. - Мынау қандай көкөніс? - Түсі қандай? - Пішіні қандай? Сергіту сәті: Бақшамызға барайық, Сәбіз теріп алайық Ең үлкенін, дәмдісін Анамызға сыйлайық ІІ.Фланелеграф тақтаға үлкен, кіші сәбіздерді орналастырады. Көкөністерді түсіне қарай топтастырады. Балалар, қоянның іс-әрекетіне таңдана қарап қызықтайды, айтқан сөздерін тыңдайды. Балалар келіседі, қоян мен көжекке көмек береді. Сәбіз, қызанақ, қияр, қырыққабат Қызыл, жасыл Дөңгелек, сопақша Балалар, өлең сөздеріне қарай қимылдар жасайды. Балалар, көкөністерді көлеміне және түсіне қарай топтастырады. Рефлексивті-коррекциялаушы Қимылды ойын: «Көкөністерді жинау» Мақсаты: Шашылған көкөністерді жылдам теріп себетке салу. Балалар, сендер өте ақылдысыңдар. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Балалар жылдамдықпен көкөністерді жинайды. Сау саламатта болайық. Біледі: Көкөніс түрлерін Үйренеді: Көкөніс түрлерінің атын, түсін ажыратуды үйренеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.84 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |