Бастауыш сыныппен қоштасу (тәрбие сағаты)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
Бастауыш сынып балалары үшін ең биік бедел – ол мұғалім. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің ұстазына, олардың біліміне, талас тудыратын сұрақтарын шешу, әркімнің тәртібі мен табыстарын бағалау кезіндегі әділдігіне сенеді.
Менің де жанымды жанып, сезімімді селт еткізген – шәкірт сенімі, ел үміті еді. Бүгінгі таңда жан-жақты талантты, білімді, дарынды адамды қалыптастыру бағытындағы білім беру күн талабы. Еліміздің дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күнде мұғалімдерге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, өзі таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, білімді маман болу мүмкін емес. Әрбір мұғалім іс-әрекеттерді ұйымдастыра отырып, өзі үшін де, оқушы үшін де оқытудың ұтымды жақтарын анықтап, сабақтың тиімділігін арттыруға жағдай жасайды. Сонда ғана шығармашылық адам өз іс-әрекетін саралай отырып, ойлау қабілеті жоғары әрі өзін-өзі дамытатын тұлға болып қалыптасады. Ендеше оқушының өзінің қабілетіне деген сенімін жетілдіру, жауапкершілігін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, еңбекке, шығармашылықпен ізденуге деген көзқарасын қалыптастыру пән мұғалімдерінің басты міндеті болса керек. Мұғалім қашанда ізденгіш тұлға.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 13.81 Mb |
Количество скачиваний: | 38 |