Бастауыш сыныптарда қойылатын "Мақта қыз бен мысық" ертегісінің презентациясы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Алтаева Гулбахарам Маликовна
|
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
Сюжеттік – рөлдік ойындар.
Мақсаты: сюжетті – рөлді ойын арқылы баланың рөліне енуге, қиялындағы мүмкіндіктерін үштастыру. Ертегі желісі бойынша құрылған іс – әрекетті ойын аландарында ойнату. Әр мамандықтарға байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Мысықтың сөздері - Шаймерденов Бауыржан
1. - Мен даладан тоңып келсем, мына мысық үйде жылы жерде ұйықтап жатыр ғой. Үйді де жинамаған, сыпырмаған. Мен сыпырып ала қояйын.
Мынау не нәрсе, (жерге иіледі) мынау мейіз ғой. Мұны мен мысығыма берейін. Мысығым, мысығым мында кел.
- (мысық: - ой, ұйқымды аша алмай жатырмын, айта берші)
2. Келсеңші, енді! (мысық: қазір барамын, сәл ұйықтап алайын)
3. - Келмесең келмей-ақ қойшы. Ендеше өзім жеп қоямын.
4. - (Мысық: -неге шақырдың, мақта қыз?) Айтпаймын. Өзің кел дегенде, келген жоқсың.
5. - (Айтпсаң, айтпай-ақ қой, ендеше мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын)
6. - Неге төктің? Ендеше мен сенің құйрығыңды кесіп аламын. (құйрығын кесіп алады).
7. - (Мысық жылайды). - Мақта қыз, мақта қыз, құйрығымды қайтаршы, енді тентектік жасамаймын).
8. - Жоқ, сен алдымен менің қатығымды қайтар, сосын мен сенің құйрығыңды салып беремін.
9. ( Мысық: - солай ма, енді не істесем екен?) (Қасынан сиыр өтеді)
10. (Мысық: сиыр, сиыр маған сүт берші?)
11. (Сиыр: - алдымен сен маған жапырақ әкеп бер, сонда мен саған сүт беремін).
12. (Мысық: -жапырақты қайдан аламын? Е, міне, ағаш тұр екен ғой. -Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші?
13. (Ағаш: - Мен шөлдеп тұрмын, сен маған алдымен су әкеп бер, сосын мен саған жапырақ беремін.
14. (Мысық: -Суды қайдан алсам екен? Оо міне, қыздар кетіп бара жатыр екен ғой. -Қыздар, қыздар маған су беріңіздерші?)
15. (Қыздар: - Біздің сағыз шайнағымыз келіп тұр, сен бізге алдымен сағыз сатып әкеліп бер. Сосын біз саған су береміз).
16. (Мысық дүкеншіге барады. - Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші).
17. (Дүкенші: -Менің дүкенімде жұмыртқа бітіп қалды, сен маған жұмыртқа әкеліп бер, сосын саған сағыз беремін).
18. (Мысық тауыққа келеді. -Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші?
19. (Тауық: - Менің қарным ашты, сен алдымен маған тары әкеліп бер, сосын саған жұмыртқа беремін.
20. Мысық ойланып келе жатады. Тышқанды көреді.
21. (Мысық: -Ой қандай жақсы болды, ап, бәлім, тышқан бері кел, жаның барында айт, үйіңде не бар?
22. (Тышқан: - Үйімде, бір уыс тары бар, мені босатшы, мысық мырза!
23. (Мысық: - жарайды, сен алдымен тарыңды әкел, сосын сені босатамын).
24. Тышқан тарыны мысыққа береді.
25. Мысық тышқанды босатады да, тарыны тауыққа береді.
26. Тауық жұмыртқасын береді.
27. Жұмыртқаны мысық дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді.
28. Сағызды мысық қыздарға береді.
29. Қыздар су береді.
30. Суды мысық ағашқа береді. Ағаш жапырақтарын береді.
31. Жапырақты мысық сиырға береді. Сиыр сүт береді.
32. Сүтті мысық мақта қызға апарып береді. (-Мә, мақта қыз, ала қой, мені кешір, құйрғымды қайтып берші)
33. -Саған да рақмет, мысығым, енді тентектік жасама! Мақта қыз мысықтың құйрығын салып береді.
Екеуі қайтадан дос болады.
Ертегілер елінде
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бақтардан ,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
Қ/сы
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.01 Mb |
Количество скачиваний: | 39 |