Бастауыш сыныптарда қойылатын "Қызыл телпек" ертегісінің презентациясы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Алтаева Гулбахарам Маликовна
|
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
Сюжеттік – рөлдік ойындар.
Мақсаты: сюжетті – рөлді ойын арқылы баланың рөліне енуге, қиялындағы мүмкіндіктерін үштастыру. Ертегі желісі бойынша құрылған іс – әрекетті ойын аландарында ойнату. Әр мамандықтарға байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Жаңа үлгідегі: Қызыл телпек ертегісі.
Қызыл телпек: Өлең айтып жүріп, сөйлесу пунктіне келеді.
- Сәлеметсіз бе!
Жанайым телефонист:
- Сәлеметсің бе!
Қызыл телпек:
- Апай мен апамның қалын біліп сөйлесейін деп едім. Телефонын қосып бере аласыз ба?
Жанайым телефонист:
- Қазір қосып берейін балақай. (Звонок шырылдайды)
Апасы Адина:
- Алло.
Қызыл телпек:
- Сәлеметсіз бе, апатай!
Апасы Адина:
- Сәлеметсің бе, балапаным!( дауысы ақырын шығады)
Қызыл телпек:
- Неге даусыңыз ақырын шығады? Ауырып қалдыңыз ба?
Апасы Адина:
- Аздап басым ауырғаны.
Қызыл телпек:
- Онда қазір барамын, апатай. Сізге дәрі ала келем.
Апасы Адина:
- Байқап жүр, балам.
Қызыл телпек телефонистке:
- Сізге көп рахмет!
Жанайым телефонист:
- Оқасы жоқ! – деп, жауап береді.
Қызыл телпек дәріханаға келеді
- Сәлеметсіз бе!
Дәріханашы, Даниял:
- Сәлеметсің бе! Саған қандай дәрі – дәрмек керек?
Қызыл телпек:
- Менің апама бастың дәрісі керек еді.
Дәріханашы, Даниял:
- Мінекей балам, ала ғой.(дәріні сөмкесіне салып береді)
Қызыл телпек:
- Рахмет сізге!
Дәріханашы, Даниял:
- Оқасы жоқ! Ауырмаңдар!
Қызыл телпек:
- Мен дәрі алдым. Енді апама дұрыс көріну үшін шаштаразға кіріп шығайын.
Қызыл телпек шаштаразға кіріп:
- Қалыңыз қалай?
Шаштаразшы, Мадина:
- Жақсы, сен қайда бара жатырсың?
Қызыл телпек:
- Апамның үйіне.
Шаштаразшы, Мадина:
- Кел ендеше, шашынды сәндеп берейін. Отыра ғой.
Қызыл телпек:
- Сізге көп рахмет!
Шаштаразшы, Мадина:
- Оқасы жоқ! Бұл біздің жұмысымыз. Сау бол!
Қызыл телпек дүкеннің қасынан өтіп бара жатып:
- Апама тәтті бәліш алайын. Сәлеметсіз бе!
Дүкенші, Айша:
- Амансың ба! Саған бір нәрсе керек пе?
Қызыл телпек:
- Иә, мен апама бара жатырмысың. Маған 4 бәліш беріңізші
Дүкенші, Айша:
- Міне ала ғой, деп санап салып береді.
Қызыл телпек:
- Рахмет, сау болыңыз!
Дүкенші, Айша:
- Сау бола ғой! Апаңа сәлем айт!
Қызыл телпек орманға қарай бет алады.
Қызыл телпек жол айрығына келіп сасқалақтап қалады да, жылайды.
Сол сәтте жылаған дауысты естіп қасқыр жетіп келеді.
Қасқыр, Дарын:
- Қызыл телпек сен неге жылап отырсын?
Қызыл телпек:
- Мен, апама бара жатып орманда адасып қалдым,- деп жылайды.
Қасқыр, Дарын:
- Жылама мен саған жол көрсетемін, - деп қолынан жетектеп, міне оң жақпен жүрсең апаның үйіне жетесін, - дейді.
Қызыл телпек қуанып:
- Рахмет қасқыр, сен мені құтқардың. Сол үшін саған бәліш берейін.
Қасқыр, Дарын:
- Рахмет! Сау бол, деп кетіп қалады.
Қызыл телпек апасының үйіне жетіп қалады.
Апасы, Адина:
- Менің Қызыл телпегім кешіктің ғой, - деп терезеден қарайды.
- Әне, келе жатыр екен, - деп үйден шығып қарсы алады.
Қызыл телпек:
- Сәлеметсің бе, апатай! Қалыңыз қалай?
Апасы, Адина:
- Сәлеметсің бе, құлыным! Сені көріп жазылып кеттім.
Қызыл телпек:
- Апа, мен сізге дәрі мен бәліш әкелдім.
Апасы, Адина:
- Рахмет құлыным! Өзің әдемі болып кетіпсің. Жолдан шаршадың ғой жүр үйге кіріп бәлішпен шәй ішейік.
Қызыл телпек апасымен үйге кіріп кетеді.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Жаңа үлгідегі қызыл телпек ертегісі
Ертегілер елінде
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бақтардан ,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
Қ/сы
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.16 Mb |
Количество скачиваний: | 76 |