"Бастауышым –балбұлағым",қоштасу кеші
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Макуова Нуршат Аманкосовна
|
Мақсаты:
1.Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру.
2.Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып,сәт-сапар тілеп табыстау.
3.Мектепті,яғни білім ордасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер,көрме,гүлдер, суреттер,бүктемелер,
оқушы шығармашылық жұмыстары.т/б.
Жоспары:І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Кешті ашып,қонақтармен таныстыру.
2.Әдеби-музыкалық монтаж.
ІІ.Негізгі кезең
Мұғалім сөзі:Құрметті ата-аналар,оқушылар,ұстаздар!
Сіздер «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кешіне жиналып отырсыздар.Қадамдарыңыз құтты болсын!Кеше ғана көздері жаутаңдап,мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне,бой түзеп,ойларына ой,саналарына сана қосып,өздерінде жауапкершілік пайда болып,еліміздің саналы шәкірттері атағына болып отыр.Олар бастауыш сыныбымен қоштасып,жоғары сыныпқа аттанғалы отыр.Бүгінгі кеш иесі шәкірттеріме сіздердің,өзімнің атымнан құтты болсын айта отырып,сөзді оқушыларға бермекпін!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 64.5 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |