БАТАЛЫ ЕР АРЫМАС...

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:
Халқың сүйген перзент екенсің,енді сол халқың айтар бата берейін.Қазақта бата деген екі түрлі болады,бірі-негізгі бата,екіншісі-лебізді бата.Негізгі бата халықтікі.Халық қастерлеген басшысына адал қызметі үшін батасын өзі береді.Лебізді бата дегеніміз-халықтың тапсырған аманат-тілегі,келешекке үміт-сенімі.Ол ,негізінен,үш міндетке саяды: 1.Дүниенің бар игілігін өндіретін жұмысшы,дихан,мал өсіруші қауымның табан ақысын,маңдай терін зая кетірмей,ысырапқа  ұшыратпай  ұқсатып ,халықтың қажетіне ,игілігіне жартату .                                                                                                                  2.Осыған кедергі жасап,кесел келтіретін суыққол сұғанақтарға,қиянатшыл-зорлықшыл зұлымдарға тыйым салу.                                                                                                              3. Қошеметшіл жағымпаздарға бой алдырмай,өз ісіңе де,өзгеге де сын көзбен қарап,қате кетсе,өзің түзей білу.Осы үш талап үдесінен көрінген басшы ел сенімін ақтары шүбәсіз,анық.Ендігі менің лебізді батам,тұжырым-түйінім мынау:    Иллаһи аумин!  Халыққа береке,мынау қиын замандабірлік беріп,ел тізгінін ұстап, еркіндікке жеткізген Нұрсұлтанның атақ-даңқы,абыройы зорайып, тарихтың бетіне  басылатын болсын!.. Аллаһу акпар!                                                                                       Жоғарыдағы сабақтарымда  мүмкіншілігіне қарай интерактивті тақта арқылы слайдтар қолдану арқылы өткіздім, мультимедиялық проекторды пайдаланып отырдым. Инновациялық білім беру-жаңашыл ,іскер мұғалімнің іс-әрекеті.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,мәнін тереңдетуге,мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға бсқа да жаңа технологияларды енгізуге,пайдалануға,түрлі шығармашылықпен айналысуға бағытталған.Мен сабақ үстінде  де,сыныптан тыс жұмыстарда да оқушыларға ұлттық  тәрбие беруді,этнографиялық мағлұматтар беруге бағыттап отырамын. Нәтижесінде 10 сынып оқушысы Балғабекова Нұрила 2013-2014 оқу жылында этнографиядан өткен  ҚИО-да  1орынды иемденсе ,2012-2013оқу жылында қазақ тілінен  өткен ҚИО-ДА  10 сынып оқушысы Мұратбек Жасұлан 3орынды иемденді.                                                                                                                Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр“деген болатын.Шындығында,бұл жауапкершілікті  өз деңгейінде атқару заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс жасап,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген ұстаз үлесінде болуы болашақ тұлғасының кемел болашағына жол ашады.    Ежелгігрек матералисі,философ Демокриттің “Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей  түседі“деп айтқанындай жас ұрпаққа үйретері көп мұғалімдердің ісі өрге жүзіп, мерейлері үстем болсын демекпін.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.31 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 205

Похожие материалы