"Батырдың аты өлмейді"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Салыхова Шуга Джанболатовна
|
Шараның мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың Отан қорғауы,ерлігі,еңбектегі ерен істері,ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін оқушы бойына сіңіру;
2. Патриоттық сезімдерін шыңдау,Отанды сүюге баулу;
Жоспары:
1. Соғыс,соғыс...
2. Ерлік мәңгі өшпейді
3. Соғыс туралы естеліктер
4. 70 жыл бұрын немесе Ерлікке тағзым
1.Психологиялық дайындық.
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Кіріспе сөз. Ұлы Отан соғысы (1941-1945)
Биыл Қазақ елі елеулі төрт оқиғаның куәгері боп отыр, олар: Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Конституциямызға 20 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл. СоныҚазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілдері ерекше атап өтпек. Бәрінің тілегі бір, ол елімізде ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік ету.
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.
Төлеген Тоқтаров. Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 299.65 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |