Баяндама "Ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде бастауыш сыныптарда оқу үрдісін белсендіру"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Беспаева Зауреш Космановна
|
«Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Ол өмірлің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан жолға даяр болуы қажет» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, Мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын алдыға қойып отыр.Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратты сақтап, шапшаң өндеп жеткізе білуі және ақпараттандырудан әрбір адамның хабардар болуы заман талабы. Сол себепті қазіргі таңда мектептердің ақпараттық ағымға бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде қолдану, соның ішінде бастауыш білім беру жүйесінің оқу – тәрбие үдерісінде кеңінен пайдалану және бастауыш сынып оқушыларында ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыру бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсатына айналып отыр.
Ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлау және оны білімденушіге жеткізу үрдісі. Бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникацияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары өте көп. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану білімденушілердің өзіндік жұмыс түрін дамытуға ықпалы зор. Оқушылардың өзі - өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау жұмыстарына негізделген оқыту мүмкіндігін қарастырады. Оқыту үрдісі – екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына , олардың өз еркімен амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни, оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау және меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін белсендіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның келесі түрлері қолдануда.
- Интерактивті тақтаны пайдалану:
- Компьютерлік ойындар, компьютерлік бағдарламалар:
- Ақпараттық – анықтамалық жүйелер:
- Электронды оқулықтар:
- Телекоммуникация құралдарын пайдалану:
- Мультимедиялық бағдарламалар және т.б.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 43 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |