Баяндама "Инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кайрлиева Ардак Тулеуовна
|
Баяндаманың тақырыбы:
Инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі
Кайрлиева Ардак Тулеуовна
Атырау облысы
Индер ауданы
Махамбет атындағы орта мектеп
Конференция бағыты:
Үздіксіз білім беру және кәсіби мұғалімді жетілдіру мәселелері
Қазіргі таңда білім беруді реформалаудың мақсаты-ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ететіндей білім берудің тиімді жүйесін жасау, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдер –қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең саналы бөлігі болып табылады. Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деп атап көрсетті. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды. Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Осы орайда, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жалғасын таппақ. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Жылдан жылға оқу мен тәрбиенің сапасы жақсартылып, әрбір пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жетілдіріліп келеді және оның тәжірибеге енгізілуі мұғалімдер қауымынан жүйелі талдап етілуде. Бүгінгі таңда мұғалімдер басшылыққа алатын озат тәжірибелер де, әдістемелік еңбектер де баршылық. «Сол әдіс-тәсілдерді түрлі жағдайға байланысты қалай пайдалануға болады және ол қайткенде тиімді, нәтижелі болмақ?» деген мәселе мұғалімдердің алдына үлкен міндет қойып отыр. Тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, кейде бір сабақтың өзінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдансақ та, түпкілікті нәтижеге қол жеткізе алмай жатамыз. Құрғақ баяндау мен жаттандылыққа қарағанда түсінуге негізделген білімнің пайдасы зор екенін өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отыр. Түсіну дегеніміз – оқушылар алынған мәліметтерді саралап, маңызды, маңыздысын бөлек-бөлек сұрыптап, қандай ақпарат өзіне керек екенін түсініп, шала мәліметтерді толықтырып не терістеп, жалпыға танымал мәліметтің ұтымды жақтарын ажырата білуі керек деген сөз. Яғни, оқушылар білімді алу барысында ақпараттар ағынын саралай білуге үйренуі қажет. Ол үшін оларда белгілі бір қалыптасқан ақпаратты сұрыптау, ойдан өткізу, ойын тұжырымдау сияқты іскерлік болуы шарт. Ендеше, оқытудың бала дамуына әсер ететін әдіс-тәсілдерінің қайсысын, қалай қолдануға болады деген сұрақ туындағанда, ең бастысы – оқушы ойына қозғау салатын әдістерге жүгінетініміз анық. Білім – бір күнгі сабақ үстіндегі берілген дұрыс жауап емес, ол – кез-келген уақытта, қандай да болмасын таныс емес мәліметті ой әрекеті арқылы танып, оны өзгеше тұжырымдаудың нәтижесінде берілетін жауап. Біз көбінесе оқушыдан біріншісін талап етеміз де, сол бойынша бағалаймыз. Өзіміз де материалды кейде дайын күйінде беріп, оны өзімізге қайтарып бергені үшін баға қоямыз. Сөйтіп, бір бастан екінші басқа білім тасымалдаумен айналысамыз. Ол ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан да оқушы міндетін орындаушылықты алып тастауымыз қажет. Қазіргі таңда білім беруде жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуі, оқытудың оңтайлы әдістерін қолдану, ғылыми жаңалықтардың енгізілуі, жаңа буын оқулықтарының шығуы мұғалімнің шеберлігін шыңдай түсуге көп көмегін тигізуде. Қазіргі кезде оқытудың әртүрлі жаңа технологиялары жасалып, мектеп практикасында қолданылуда. Қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде оқытудың тиімділігі сабақта қолданылатын оқыту формалары мен әдіс-тәсілдеріне және жаңа технологияларды тиімді қолдануға байланысты болмақ. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғышарттар қажет:
- Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін қадағалау, оның ғылыми әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау керек;
- Жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете
танысу.[5 :18]
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру болса, ол үшін мектеп мұғалімдері өз тәжірибесінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап алады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Жаңа технологияны пайдалану арқылы мұғалім өзінің белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Мен биылғы оқу жылы Атырау Педагогикалық шеберлік орталығынан Кембридж бағдарламасының І деңгей курсын тәмамдап, өз сабақтарымда «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың» түрлі стратегияларын қолданып келемін. Бұл әдіс оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізуде. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып , топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтарды ашу барысында жұмыс жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.
Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:
-сыйластық қарым-қатынас;
-жауапкершілік;
-топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;
- тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету;
-оқушылардың топ ішінде сөйлеу білігін қадағалау және қажет кезде кеңес беру;
-топтық ұтымды жұмыс жасау;
Осындай топта бірлесіп жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс-әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады. Бірлесіп жұмыс жасауда өз тәжірибемде қол жеткізген нәтижелер:
-оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарылауы;
-жиі-жиі ой талқысын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
-ойлау арқылы өз ойларын жетік жеткізу;
-сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі, оқушының жұмысбасты болуы;
-бір нәрсені үйренуге саналы түрде қызығушылығының оянуы;
Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің дұрыс көзқарасы қалыптасады.;
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді ,оқуға , жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдай жасайды.
Сабақ үстінде жан-жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше, барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екенін белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысын ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейіне дейін көтеру. Осы талдаудан түйгенім: оқушының білім деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарылайды.
Қазіргі заманымыздың жүйесі талап еткендей мұғалім жақсы ұйымдастырушы бола отырып, нәтижеге бағытталған тұлғаны қалыптастыруы қажет. Олай болса, тұлғаны қалыптастыратын жаңа форматтардағы педагог болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Бүгінгі білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
А. Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегіндегі:
«Өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке шыққанда әдістемелерін өзімен бірге алып кетеді, ал жапондық мұғалім бар білгенін артына қалдырып кетеді» деп құнды мысал келтірген. [6: ] Міне, осыдан мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасудың ең бір дамыған тиімді тәсілі Lesson Study екендігіне көз жеткізуге болады. Маған ұнағаны сабақ беретін пән мұғалімнің ізденуіне жан-жақты жағдай қалыптасады, білім сапасы және мұғалімнің өз жұмысына деген жауапкершілігі артады. ізденеді, оқушылардың сабақ барысындағы ақпаратты меңгеру деңгейлері зерттеледі. Мектеп тәжірибесіне жаңаша әдіс-тәсілдер ене бастайды.
Қазіргі таңда қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет, ол үшін біз күнделікті беріп жүрген дәстүрлі сабағымызға көз жүгіртіп, өзіміздің оқыту үрдісімізді, әдіс-тәсілдерімізді өзгертуіміз керек. Бұл проблеманы шешу үшін мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп Lesson Study тәсілі бойынша, инновациялық тиімді идеялармен алмасып күнделікті оқу мен оқытудағы тәсілдерінің ықпалын арттыра түсуіміз керек.
Өз әріптестерімен пән бойынша тәжірибе алмасу аясында, желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шараларда ынтымақтастық орнатады. Сондай-ақ АКТ саласында сауаттылығын арттырып, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемесін меңгереді, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық –басқару жүйелерін тиімді қолдана білулері керек.
Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құрып, басқару және жоспарлауға өз үлестерін қосу үшін өз мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырады және өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлекция жасауға, ой толғауға міндетті.
Бірінші деңгейлік оқыту әдіс-тәсілдерінің алдына қойған мақсаты – Қазақстан мектептерінде жан-жақты зерттелген, өзіндік бай нәтижелерге ие болған әдіс-тәсілдер тарату. Оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық әрекеттердің бір бағытқа қарай бағытталуы, оқущы алған білімін өмірде қолдана білуі, яғни сол арқылы өмірге бейімделуі керек. Бағдарламаның негізгі мазмұнында оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған. Бірінші бетпе-бет кезеңінде негізгі теориялық білімді ала отырып, шетелдік педагогтардың зерттеулері мен оқытудағы өзгеріске әкелетін әдіс- тәсілдерімен, пікірлерімен танысып, соны өз тәжірибемізде, мектебімізде сабақ беру барысында қолдануға тырыстық. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден-бір тәсіл – топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігі белгілі болды.
Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Қазіргі заман талабы – сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға даярлау. Оқушының сандық сауаттылығын ашуда мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу олардың қызығушылықтарын арттырады және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыландырады.
Менің мектебімде осы әдіс-тәсілдердің жақсы нәтиже беретіндігіне көзім жетеді, себебі жаттанды оқу емес, өмірде қолдануға қажеттігі бар білімді игеру- қазіргі заман талабы. Мектеп оқушыларының әлемдік ғаламтормен танысулары арта түсті, керек ақпараттарды іздеп тауып, пән мұғалімнен де көп ақпараттарды білуде. Ақпараттарды пән мұғалімі ескі мәліметтер бойынша оқушыларға түсіндірсе, міне осы жерде пән мұғалімінің ізденісі бар болса оқушымен пікір таластыра алады, егер жоқ болатын болса, онда оның оқушы алдындағы беделі түседі. Мұғалім беделі жоғары болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс, ол үшін бір тақырыптың өзін бірнеше технология арқылы түрлендіріп өтуге де болатындығы айқындалды. Мектептің тәжірибелі ұстазының ең негізгі алдына қойған мақсаты, алдындағы шәкірттерінің қызығушылығын оятып қана қоймай, арттыру болатын болса, енді оған, алған білімін өмірде қолдана білу қосылып отыр. Сондықтан тәлімгерлер мен коучтардың көмегімен мектептегі жұмысты жандандыру мақсатында шынайы әрекеттерді іске асыру уақыты жетті деп есептеймін.
Қорытындылайтын болсам, бірінші деңгей бағдарламасы әдіс-тәсілдерінің мектеп өміріне көптеген өзгерістер алып келетіндігімен, оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыруымен ғана тоқталып қалмай, өмірге бейімделген, жан-жақты дамыған өзіндік көзқарасқа ие бола алатын жеке тұлға тәрбиелеп шығаруға үлкен әсер ететін тиімді әдіс-тәсіл екеніне нақты көз жеткізуге болады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру- бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Сондықтан Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгеруде «Педагогикалық шеберлік орталығымен» порталға шығып, байланыста боламын. Бүгінгі күні инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі екеніне көзім жетті.
Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деген. [5:18]
Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Бүгінгі білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Жаңа форматтағы педагог
1.Жаңа формация педагогының ғылыми зерттеу әрекеті
2.Мұғалімнің ғылыми ізденіске құлшынысын арттыру
4.Техникалық
құзырлық.
6.Жаңа формация педагогының ғы-лыми зерттеу әрекетін қалып-тастыру жақтары.
8.Мұғалімнің әдістемелік шеберханасы
5.Коммуника- тативтік құ-зырлық.
3.Мектеп әкім-шілігімен жұмыс
7.Сыныптарға талдау (диагностика,мониторинг,із-дену жұмыстары,оқушы қызметін зерттеу)
Халқымызды
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Пайданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал №1,2009 ж
2. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал №8, 2008 ж
3. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №4, 2014 ж
4. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №2,2013 ж
5. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №4,2013 ж
6. А. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегі
7. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №6,2013 ж
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.94 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |