Баяндама: "Жаңа формация мұғалімі-заманауи қажеттілік"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бүгінгі күн талабына сай жаңа формация мұғалімдерінің қажеттілігін өтеу үшін мұғалімдерді дайындауға бағыт беру. Деңгейлік оқудағы өзгерістерді мектеп үрдісінде жүргізу кезеңдерін анықтау.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында елімізде деңгейлік курс бағдарламаларын оқыта отырып, жаңа формация мұғалімдерін даярлауда. Бағдарламаның негізгі идесы – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?» Деңгейлі бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажет, осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы қарастырады.

Ұстаз - егемен еліміздің жас өркенін білім нәрімен сусындататын, сапалы тәрбие беретін ірі тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптың жоғары екенін айқын белгілеп отыр. Соған сәйкес мен өз тарапымнан мұғалім ретінде педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын Қостанай қаласының «Педагог шеберлік орталығының оқытудағы Кембридж тәсілі негіздерін бойынша» шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты оқып, сертификатталдым. Кембридждік әдістің теорияларын меңгеріп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолданып, оның артықшылдықтарына көз жеткізіп жүрмін.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.24 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 185

Похожие материалы