Баяндама "Жеке тұлғаны қалыптастырудағы көптілділіктің маңызы"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

      Елбасымыз  «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде тәрбиенің түп мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасады.          Білім берудің маңызды стратегиялық міндеті бірінші  қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан халықаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру, ең негізгісі мемлекеттік  тілді және шет тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, заман талабына сай жеке тұлғаны көп мәдениеттілікке, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізі, білім беруді жетілдірудіңбасым бағыттары болып табылады. Жаңа заманда Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындайтын ішкі және сыртқы саясат ағымындағы бүкіл қоғам болып жұмылатын іс-әрекеттің бірі - мемлекеттік тілдің мәртебесі.Дегенмен мемлекеттік тіл тұғыры әрдайым биік.Мемлекет тірегі –мемлекетік тіл. Ұлт тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлттың рухани байлығын сақтайтын,  дамытатын, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қазына. Алдыңғы ұрпақтармен, ата –бабаларымызбен рухани сабақтастығымызды жоғалтып алмас үшін, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың сана сезімін ана тілі негізінде оятып, тәрбиелеп отыру оқушылар мен ата –ананың міндеті. Ұрпақ тәрбиесі тілден басталады. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 54 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 125

Похожие материалы