Баяндама: "Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту"

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі –музыкалық шығарманың сипатын, характерін сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну, қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Өмір құбылыстарымен таныстырады. Оларды бір-бірімен салыстыратын ой туғызады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі тыңдау қабілеттілігі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап ести білу мәдениетін байқайды. Ең қарапайым қасиетін аспаптардың ең жоғары және ең төмен тембрлік дыбысын салыстырады.шығармының ең қарапайым құрлымын әннің бастамасын, қайырмасы, бөлімдерін айқындайды.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі музыкага творчестовалық қөзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді ойынды көз алдына елестете отырып, оның патриоттық адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де нұсқаулардан да анағұрлым күштірек болады. Отан, Қазақстан ,батырлық әндерін айтқанда балалардың әндеріне оз елдеріне деген суйіспеншілікті көруге болады. Сондай ақ Қазақстан азаматы болғандықтан әр бір бүлдіршін, еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу –Отансугіштік, еліне деген мақтаныш сезімін ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері досттықа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының қазақ тілінде ән шырқап, аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген суйіспеншіліктерін арттырды.

Ұжым болып ән салу, билеу,ойнау көп ретте тәрбиелік реттерді шешеді,ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мәдениетіне себін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы бар. Музыка балардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге бинелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды сомдайды. Балалардың жас рекшеліктеріне байланысы музыкалық даму ерекшеліктері жылдан-жылға өсе береді. Баланың музыкалық қабілеті дамиды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері:есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындауындағы, қарапайым дағдылар қимылдары.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 39.5 Kb
Количество скачиваний: 191
Просмотров: 425

Похожие материалы