Баяндама "Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы"

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Өтініш қағазы

 

Баяндаманың тақырыбы: «Оқушылардың қабілетімен эстетикалық                                                талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы»

 

Баяндаманың авторы:               Абенова Бану Есенжановна

 

Жұмыс орны:              Атырау облысы, Индер ауданы, М.Сиранов                                                 атындағы орта мектебі

                                 

Мекен-жайы:                             Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы,                                                 Жеңіс көшесі, 23 үй

 

Телефон:                                       25-2-03

 

 

 

Аңдау хат

Мұғалімнің жазғанбаяндамасында технология пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, шеберлігін, шыдамдылығын, ойлауын, есте сақтау дағдыларын қалыптастырудағы тәжірибесін көрсетеді. Банудың жұмысы әріптестері арасында талданып, аудандық педагогикалық оқуға ұсынылды. 

                                        

                                           

Abstract

Teacher straightens lecture technology object according tostudent work ability develops, patience, thinks,memorizes skill forms experience specifies. Coming into question between by the colleagues of work,distric tpedagogics educational given.

 

                                                                        

 

М. Сиранов атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі Абенова Бану                                                                                 Есенжанқызының педагогикалық оқуға жазған жұмысына 

 

 

 

Пікір

Технология пәні мұғалімі Абенова Банудың педагогикалық оқуға ұсынған «Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы» атты жұмысы оқушының шыдамдылығын, қолөнерге деген қабілетін дамытып, өз сабақтарында қолданған. Бұл мұғалімнің ізденгіш, жаңашыл еңбегінің айғағы. Жақсы құрылған шығармашылық сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып, білуге деген құштарлығын арттыру үшін әр сабағы мол ізденіспен өткізеді.

 

 

Мектеп директоры:                                          С.Ешмұханбетов

І санатты технология пәні мұғалімі:               Қ.Мүкиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

І. Қазақтың ұлттық қолөнері туралы.

ІІ. Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын  арттырудағы қолөнердің маңызы.

ІІ. 1. Оқушылардың шығармашылығын, шеберлігін қалыптастырудағы қолөнер үйірмесінің маңызы.

ІІ. 2. Үйірме жұмысын ұйымдастырудың іс-жоспары.

ІІ. 3. Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын дамытуға құрылған сабақ үлгілері.

ІІІ. Қорытынды. [2-слайд]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқушылардың қабілетімен эстетикалық талғамын арттырудағы қолөнердің маңызы»

Абенова Бану Есенжановна

Атырау облысы Индер ауданы М.Сиранов атындағы орта мектептің

І санатты технология, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі

 

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінде әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетиклық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясында ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр жіптер қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі -  кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес домалақ жылтыр материалдармен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине болған жөн. Жіп моншақпен түстес болған жөн. Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі – жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдасы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда – шаң , ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем- арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрынғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзегі орнына да жапқан. Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның беріктігі иен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бері келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі- кілемнің құндылығы жағынан сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйе түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген.

Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықда тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түркімендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланып келеді. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау  үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.

Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек. Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);                                           

2.Жапсырмалау (аппликация).

АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады. Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, әмиян т.б                                              

Жасалу жолдары:                                                                               

а) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;                                            

ә) түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;                                                            

б) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.

 

ІІ.2. Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылық қабілетін, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше. Осы тұрғыда базистік оқу жоспарының вариативтік компоненті бойынша дамытушылық сипаттағы технология пәнінен  сыныптар арасынан өнерге бейім, қабілетті оқушылармен жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазақ халқының ұлттық қолөнер туындыларының бірі – құрақ құрау өнері. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі – бұл көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Күнделікті тұрмыс, тіршілігі сан алуан қажеттіліктен қолөнер туындылары пайда болып, жетіліп, өңделіп отырған. Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға бағытталады. Баланың білімін тереңдету, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше. Үйірме жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аударар болсақ, баланың шығармашылық  кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы – бейнелеу өнері, геометрия, математика, өсімдіктану, сызу, т.с.с. пәндерге тікелей байланысты болатындағы аңғарылады. Бала оқу процесінде алған білімін үйірмеде іс-жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады. Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Қазіргі оқу технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек. Оқушылар үйірме сабақтарында тек тыңдап қана қоймай, талдау жасап, жасалу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.

Мақсаты:

Құрақтың тарихынан мағлұмат беру, тұрмысымыздағы алатын орны туралы білімін қалыптастыру, дайындау жолдарын үйрету. Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекетін қалыптастыру, қолөнерге деген қызуғышылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру. [3,4,5-слайд]

Міндеттері:

-Қолөнер, өнер туралы білімдерін тереңдету;

-Оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулып, тігіс түрлерін тігіп үйрету;

-Тұтыну бұйымдарын, ұсақ бұйымдарды өз қолдарымен жасай білуге үйрету;

-Жасаған бұйымдарды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай сәндей білуге үйрету;

-Өзіндік жұмыс жасай білуі;

-Оқушылардың бойына ізгілік,адамгершілік, еңбекқорлық пен төзімділік қасиеттерді қалыптастыру. Әрбір сабақ қызықты да, әсерлі өту үшін, әртүрлі өнердің әдіс-тәсілдерін игеру, үйрету, жалпы қолөнерге деген ынта-жігерін арттыруға күш салу керек. Әр сабақ еркін, қуаныш пен шаттыққа толы, қызықты да әсерлі болуы тиіс. Әрбір оқушының жеке көзқарасына, дүние танымына тікелей әсер ету арқылы, қолөнерге деген сезімін шәкірт жүрегіне терең ұялату керек, сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады. Осы мақсатта өзімнің сыныбыммен өткізген төмендегідей сабақ үлгілерін ұсынамын.

 

Сыныбы: 9          

Тақырыбы: «Сегіз жапырақ» құрағын құрау.                     

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды ұлттық қолөнерге, шеберлікке баулу. Құрақты бұйымдар тігуге, үлгі әзірлеуге, тігу тәсілдеріне бағыт беру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. [6,7-слайд]

Дамытушылығы: әр баланың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін, мата түсін ажырата білуге, қайшыны, инені пайдалануда, қауіпсіздік техникалық ережені сақтау жолдарын айта отырып сабақты жалғастыру.

Тәрбиелілігі: құрақ құрау барысында қыздарды әсемдікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемділікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрсету, баяндау, көрнекілікпен жұмыс.                                     

Көрнекілігі: слайд, әр түрлі құрақ сызбалары, құрақ жиынтық альбом, дайын құрақ, қағаздан дайындалған үлгілер, нұсқау картасының сызбасы.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қарындаш, түрлі түсті қағаз, қайшы, құрақ үлгілері, технологиялық нұсқау картасы, маталар қиындысы, ине, жіп.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, геометрия, сызу, информатика.

Сабақ жоспары: [8-слайд]

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Негізгі бөлім                 а) үй жұмысын тексеру;                       

                                            ә) жаңа тақырыптар туралы түсініктер ;      

                                            б) интерактивті тақтамен жұмыс;

                                            в) жаңа сабақты пысықтау;

3. Сарамандық жұмыс      а) қауіпсіздік ережесін еске түсіру;

                                            ә) құрақ жасау кезеңдері;

                                            б) сергіту сәті;

4. Сабақты қорыту            а) тест;

                                            ә) бағалау;

                                            б) үйге тапсырма;

                                            в) жұмыс орынын жинастыру.

Осы сабақта орындалатын жұмыстар мазмұны

Үй тапсырмасын тексеру: «Кім көп біледі?» үй тапсырмасын сұрап, талдау.

Жаңа сабаққа дайындық. «Ой қозғау» сұрақ-жауап.

Құрақ тақырыбы туралы мағлұматтар алу. [28-бет]

Құрақ - мата қалдықтарынан жасалтын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес, сонымен бірге сіндік үшін жастық бетіне де жасаған. Еш оқытатын мектеп жоқ кезінің өзінде шеберлер геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білгендігін оқушыларға үлгі етіп, ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын айтып кетемін. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бір де бір қазақтың үйі жоқ екендігі бәрімізге мәлім. Құрақтың қолданылуы – үй жиһаздарының бірі: құрақ көрпе, көрпеше ата-бабамыздың дәстүрлі төсеніші болған және тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйымдардың бірі. Құрақ құрау өнері ХV- ХVІ ғасырда дамыған.

Құрақтың әрір бөлшегі геометриялық фигурлардан тұрады. Мысалы, шаршы, алтыбұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тік төртбұрыш, параллелограмм. /жалғама №1/   [9,10-слайд]

Құрақ түрлеріне қарай бес топқа бөлінеді:

1.геометриялық                                                                          

2.зооморфты                                                                                     

3.өсімдік тектес                                                                               

4.тұрмыстық                                                                                   

5.ғарыштық

Сарамандық жұмыс.

Технологиялық карта. /жалғама №2/     [11,12-слайд]                                                                         

Құрақ құрауды жобалау:                                          &

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.86 Mb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 98

Похожие материалы