Баяндама "Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Баталова Токтасын Советкановна
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы
Қызылжұлдыз негізгі орта мектебі КММ
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Баталова Т.С
2014-2015оқу жылы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады. Олай болса, бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Озық ойлы, тапқыр да нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт бағдар беру, ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.Баланың жеке басының шығармашылығын, қабілетін, дарындылығын дамыту мәселесі ежелден- ақ ұлт ойшылдарымыз Әл-Фараби, Абайды ереже толғандырған сондықтан олар өз еңбектеріне және тұлға қабілетін дамытуды үнемі көздеп отырған.
Шығармашылық: жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Халқымыздың «Жігітке жеті өнер де аз» «Сегіз қырлы бір сырлы» сияқты нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін ескертсе керек. Шығармашылық: ойлап табу, жаңалық ашу, шығару жетістікке жету, белсенділігін арттыру. Ол жеке адамға тән. Ал бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығы- тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық. Бастауыш сынып оқушыларының процесіне тән кезеңдерін топтастыру:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу
2. Шығармашылық акт
3. Шешімнің жарқ көруі
4. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық жұмыстың типіне , мақсатына қарай, бұл кезеңдер 1-1 мин ат салысып, қабаттасып жатуы тиіс. Шығармашылық процесс баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыта түседі. Дамыту барысында бірнеше факторлар әсер етеді.
Бастауыш сыныптардағы сауат ашу, тіл дамыту тұрғысынан оқушының шығармашылығын дамыту. Дамыта оқу жүйесінің- маңызды принциптерінің бірі теориялық білімін басшылыққа ала отырып қорытып тұжырымдау.
А) Сөздің әр дыбысынан сөз тудыру.
Әсем-әдемі, сұлу, ерке, мейірімді.
Б) Мәтін құрастыру
Әсем-әдепті, әдемі қыз. Ол сұлу болғысы келеді. Ол өте мейірімді қыз.
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда оның неге қажетті екенін зерттеу. Оларды жеңіл ойларға қарсы көзқарастарымен тепе-теңдікте ұстап зерттеу,оларға сеніммен қарау керек.
Шығармашылық ізденіс-білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер етеді.
Топтау, түртіп алу, ойлау, жұптау, талқылау, болжау, әлемді шарлау әдістерін дер кезінде пайдануды қажет етеді. Оқушы оқыған білімдерін саралап, жаңа өзгеріс енгізуге талпынып, үлкен әлемге еніп, ойды тұжырымдайды. Осылай іздену, толғану, арқылы өзінің өзгерісін сезеді, өзгені сезініп шығармашылық қабілеті арта түседі.
Сондықтан да бала өзіне сенімді дербестікке, еркіндігінің болуы-сапалы білім алудың бірде бір кепілі деуге болады. Сонымен бірге бастауыш мектептегі сауат ашу, тіл дамыту, грамматика (қазақ тілі) оқушы шығармашылығын дамытудағы алатын орны ерекше.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.97 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |