Баяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Сатылай кешенді талдау» технологиясы

Н.А.Оразахынова – Абай атындағы ҚҰПУ-ті қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасыныңпрофессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Ғылым академиясының Вице-президенті, “Сатылай кешенді талдау” технологиясының авторы

Б ілім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу...

... егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.

...Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...

Н.Ә.Назарбаев

Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы

жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс, екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, ондабіріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды.

...Әдісін алғанша қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болсада оңайланады. Істің шапшаң істелуі күйге жетуі, қайта-қайта істеліп, дағдығаайналған кезде болады.

Екінші кемшілігі − қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру − оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы. ...Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар

қызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы. Ата-анасы баласын оқытуға ықыластанса, оның оқуына керек расходты шығынсынбас еді. Сөйтіп, мұғалімжақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді.Ж.Аймауытов комплекс сөзіне екі түрлі көзқарас бар екенін де сөз етеді. Оның бірі – комплексті әдіс десе, екіншілері – жүйе деген. Әдіс деушілер комплекспен оқытқанда құбылыстар бір-біріне байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негізделген түрінде түйдек зерттеушілер болса, ал жүйені бұрынғы жағрафия, жаратылыс, тарих, ана тілі, есеп, физика болып бөлек-бөлек оқылған пәндердің бәрі бірігіп түйдектеліп оқылуын жақтаушылар. Ғалым әдістің аясы тар екендігін дәлелдей келіп, пікір мен жүйені – комплекс деп атауды ұсынады: “әдіс” деген сөз көп түрде қолданылады, “әдістің” мәнісі уақ, тар, ана тілінің әдісі, есеп әдісі, тәжірибе әдісі, серуен әдісі, зерттеу әдісі... деген сияқты толып жатқан әдістер бар. Комплекстің мәнісі бұл әдістің бәрінен кең, бәрінен терең. Әлгі айтылған “әдістер” комплекстің баласы тәрізді. Комплексті “әдіс” десек, балаларының атын әкесіне қойған сияқты боламыз. “Жүйе” деген кең мәнді сөз. Сондықтан да, жүйе деу керек деседі”.

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңлаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам», – деп ой топшылайды да, ойлауды өркендетудің мынадай жолдарын ұсынады.

Айқын қылып оқыту мен сатылы бір тегіс оқытудың байланысы бар. Оқыту бірте-бірте сатылап, ілгері басып отырмаса, анық та, ұғымды да болмайды. Білім біржола күреп алатын нәрсе емес. “Оқу инемен құдық қазғандай” деген мақалды еске түсіру керек, жаңадан берілетін әсер, суреттеу ұғым бұрынғы алған суреттеуге, ұғымға байланбаса баланың миына берік қонбайды. Сондықтан оқуда біртегіс өрлейтін саты болу керек. Әрбір тыңнан берілетін білім бұрынғы білгеннің жалғауы, келесі білімнің бастауышы сияқты болғаны тиіс. Сатылап оқытудың ескеретін екі жағы бар, бірі – шәкірттің шама-шарқымен есептесу, екіншісі – оқу мағлұматтарын дұрыс қолдану. Оқытушының шеберлігі – ойына келген нәрсені білдіру емес, аужайына, жасына, біліміне, күшіне қарап сабақ беру.

Ж.Аймауытов

Ұлттық төл технология дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады.

Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.

Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі.

“Сатылай кешенді талдау” технологиясының мақсаты - қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту.

Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру.

Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру.

Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

Өзанатілінің грамматикасын сауатты игеру.

Қазақтіліөзгепәндердіңнегізінтүсініп, тереңмеңгеругебастықұралекенінсаналытүрдетүсінуге бағыт-бағдар беру.

Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу.

Талдаудың он деңгейін рет-ретімен жүргізе отырып, сатылай кешенді талдаудың түрлі амал-тәсілдерін меңгерту.

Интерактивті тақта, компьютерлік талдау арқылы оқушылардың ақпараттық-

коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру.

Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

Пәндік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту.

Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету.

Пәндердің мазмұнын, ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру.

Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілін, ұлттық құндылықтарын басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

Берілген тапсырманы сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық , ұлттық ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.

Барлық оқушыны табысты оқыту.

Оқу-танымдылық белсенділігін арттыру.

Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету.
Оқуды жеделдету.

Шығармашылық қабілетін дамыту.

Ғылыми ізденіске жетелеу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 146.42 Kb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 356

Похожие материалы