Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру»

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

«Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тіліне

 қызығушылығын арттыру»

Бүгінгі күні баска елдермен тереземіз тең егемен ел болып  отырғанда, Елбасының Қазақстан халкына жолдауындагы кешенді мәселенің бірі - еліміздің ертеңі болатын ұрпақка сапалы да, нәтижелі білім беру болып табылады.

Сондай-ақ күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес қияндарға жол салып, өркениетті елдерден қалып қоймай, жас ұрпаққа білім беру саласын дүниежүзілік стандартқа сай жетілдіре түсу өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі кезде шет тілі ғаламдастыру ғасырындағы әлеммен тілдесудің тілі болып отырғанда, 12 жылдық білім беру жүйесінде, бастауыш  сыныптан бастап оқушыларға шет тілін оқытудың тиімділігі өте зор. Ұлттың қабілеті, елдің өркениеттілігі оның білімділік деңгейімен айқындалатындығын ескере келе, 12 жылдық эксперименттің де негізгі мақсаты- мектептердің әлемдік білім кеңістігіне кіру аркылы, Елбасының бүгінгі күні жүргізіп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты негізінде білім жүйесін халықаралық деңгейге көтеру талап етіледі.Осыған орай сапалы да, нәтижелі білімнің негізі бастауышта қаланатындыктан, шет тілін осы сатыдан бастап окытып, бүгінгі жас ұрпақтың білімі мен біліктілігін «коғам» сұранысына сай білімді, бәсекеге кабілетті, көпмәдениетті, тілді жетік меңгерген, толерантты тұлға етіп тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби шебер болуын талап етеді. Өйткені баланың бойына анасының сүтімен сіңген өз ана тілін үйрену еш киындықсыз берілсе, өсе келе екінші тілді шет тілін меңгеру едәуір қиындықтар туғызады. Психологтардың айтуынша, бастауыш сынып жасындағы балалар шет тілін үйренуге өте икемді келеді, ал өскен сайын олар бұл қабілеттерін жоғалтып, белсенділіктері төмендейтіндігі дәлелденген. Сондықтан да, тіл негізін бастауыш сыныпта қалап, әрі қарай еркін сөйлеп шығу деңгейіне жеткізу әр мұғалімнің алдына нақты мақсат - міндеттерді қойып,  соны іске асыруда үлкен күш – жігермен жұмыс істеуге бағыттайды.Ұстаздың қолындағы мықты екі қарудың бірі -терең білімі болса, екіншісі - сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс- тәсілі болуы қажет. Осыған орай мен мемлекеттік стандартына сай, бірінші сыныпта  аптасына бір сағат есебімен ағылшын тілін оқыту барысында, өз тәжірибемде             В.В Коваленконың «Ойын арқылы оқыту» және В.Выготскийдің «Сын түрғысынан ойлау технологиясының» стратегияларын қолданамын. Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың жұмысқа құлшынысын тудырып, баланың бойында ұжымдық сезімді қалыптастыруға, материалды жақсы түсініп, тез қабылдауына, миының шамадан тыс шаршамай еріксіз есте сақтауына, сабақтың әсерлі нақышта болуына көмегі зор. Сондай - ақ сыныптастарының ой - пікірімен санасуға, нақты сөйлеуге, бойындағы ұяңдықты жоюға тәрбиелейді  және де ойын ойнау барысында бір нәтижеге жету баланың өзіне, біліміне деген сенімін арттырады. Шетел тілін оқытып, үйрету   мақсаты - оқушылардың қарым-қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:

 

-  оқушыға колайлы  оку ортасын калыптастыру;

 

         -  оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;

 

         - оқушының эмоциялық сезіміне әсер  етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;

 

-  оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;

 

-  ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;

 

-  шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;

 

-  оқушы – субьект, оқытушы - кеңесшісі болу;

 

-  сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

 

    «Шетел тілі оқу курсы» - оқушылардың шетел тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын, олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс. Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Сонымен бірге, осы жастағы балалардың әдемі, кызықты заттарға назар аударуы мен қызығушылығы мол болып, қабылдауы берік болатындығы дәлелденген. Сондықтан да тілді бастауыш сыныптан бастап үйретудің тиімділігі, оқушыларды осы жас шамасында ойын, қозғалыс, музыка және көрнекілікті кеңінен колдану арқылы олардың тапсырманы орындауға деген белсенділігі мен табиғи икемділік қабілеттерін қолдана отырып, тілді үйренуін жеңілдетеді. Осылайша бірінші  сыныптарда шет тілін оқытып үйретуде  сөйлеудің қарапайым дағдысын қалыптастыру үшін алдыма қойып отырған басты мақсаттарым:

 

·        Оқушыларға мұғалімнен кейін кайталау арқылы сөздерді фонетикалық жағынан дұрыс айту.

 

·        Сөйлеп тұрған адамның сөзін тыңдап түсініп, оған жауап бере білуге үйрету.

                                                         

·        Окушылардың тыңдау зейінін қалыптастырып сөздерді, дұрыс айтуға дағдыландыру.

 

·        Белгілі тақырып жағдаяттарда бір - бірімен байланыстырып, жай сөйлемдер құра білу.

 

·        Оқушылырдың сөздік қорын молайтып, оны орынды дұрыс  қолдана білуге жаттықтыру.

 

·        Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

         Ал енді осы мақсаттарды жүзеге асыру , төмендегідей  жұмыс түрлерін үнемі    орындауды  міндеттейді:

 

·        Окушылардың жаңа тіл әлеміне енгендігін сезіндіре отырып, шет тілінде сөйлеуге дайындығын қалыптастырып, тілді әрі қарай үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын  дамыту.

·

·        Жас - шамасы мен ерекшеліктеріне  қарай оку, жазу, сөйлеу, тыңдап түсіну дағды- іскерліктерін қарапайым түрде меңгерту.

·

·        Тілін окып отырған елдегі   қатарластарының әлемімен өлең, тақпақ, ертегі арқылы таныстыру.

 

·         Өз ана тілі мен шет тілінде  сөйлеуді салыстыру.

 

 

 Осы  мақсат - міндеттерді іске асыруда мен өз тәжірибемде мынадай жұмыс түрлерін  орындаймын. Бұл жүмыс түрлері оқушылардың өткен материалдарды еске түсіріп, оны жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, білімін әрі карай дамытуда маңызы зор.

 

·        Тақпақ, өлеңдерді айтуда затты атау арқылы жатқа айту әдісін қолданамын. Бұл әдіс бойынша окушы өлең жолындағы заттың атын атай отырып, есіне түсіріп, жатқа айтуға дағдыланады. Сол сияқты әр әріпке берілген тақпақшаны да жатқа айтуда осы әдіс өте қолайлы. Бұл әдіс бойынша біріншіден бала затты атауды үйренсе, екіншіден көру арқылы есте сақтау қабілеті артады.

 

·        Сөздерді дұрыс жазу мақсатында оқулықта берілген жаттығулардан тыс, сөз  тізбектерді шешуді окушылар ерекше қызығушылықпен орындайды. Бұл жұмыс түрі оқушыларды әр тақырып бойынша берілген сөзжұмбақтарды өз бетімен орындауға жаттықтырады.

·

·        Сөздердің дыбысталуына байланысты сөз жұптарын табу арқылы оқушылар жұппен жұмыс жасауға дағдыланады. Бұл әдіс баланың бір- бірімен қарым- қатынасын тудырып, бірлесе білім алуға баулиды.

·

·        «Бұл қандай жануар» ойынында оқушылар көрсетілген жануарлардың қайсысы үй жануары, қайсысы жабайы жануар  екенін   қазақша және ағылшын тілінде атауы тиіс. Бұл ойын оқушылардың аудармашылық  қабілетін шыңдап, олардың тілді үйренуге деген  ынтасын арттырып, сөздік қорын молайтады.

·

·        Оқушылардың осы жас шамасында рөлдік ойындарды ойнауды ұнататындығына

          байланысты, аңдардын маскаларын киіп, рөлдер бойынша диалогты түрде

          сөйлеу    мен оқу жаттығуларын орындау (оқушыларды белсенділікке  баулиды).

 

·        Оқушылардың түстерді дұрыс ажырата біліп, танымдық қабілеттерін  шыңдауда  

ойындарын ойнату орынды. Бұл ойын бойынша олар әр түсті, сол түстің жазылуын еске түсіріп, суретті бояйды.

 

Осындай жұмыс түрлерін орындаудың тиімділігі, оқушылардың тақырып бойынша берілген сөздермен танысып, оларды дұрыс айту кезеңінен бастап , меңгерген фонетикалық, лексикалық және грамматикалық материалдарды тәжірибеде , күнделікті өмірде, кез-келген жағдайда қолдана білуге, білімін жинақтап, жүйелеуде маңызы зор. Сондай - ақ тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың біріншіден, шет тілін меңгерудегі оқу, жазу, тыңдап түсіну мен сөйлеу іскерлік - дағдылары қалыптасса, екіншіден танымдық, есте сақтау, елестету, көру арқылы есте сақтау, зейінін қалыптастыру сияқты қабілеттері дамиды. Сонымен бірге, бұл әдіс - тәсілдер бастауыш сынып оқушыларына шет тілін нәтижелі меңгертудің тиімді жолдары деп ойлаймын. Өйткені бұл жұмыстар оқушыны оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетімен, орындауға жаттықтырса, екіншіден ойын арқылы тілді үйренуге деген ынта, қызығушылығын арттырып, дербес болуға , өз ойын ашық айтуға, белсенділікке баулиды..

Ойымды түйіндей келе, қазіргі заманның өркениетті прогресшіл бағытына сай, адамгершілік қасиеті мол, ұлттың дінін, тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын, жоғары өрелі, терең білімді, ата-баба ісін жалғастырушы мәңгілік күш-үш тілді қатар меңгерген егеменді еліміздің қазақ қоғамын тәрбиелеуде, эксперимент жағдайында ағылшын тілін бастауыштан бастап оқытудың маңызы өте зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Шет тілін оқытудың әдістемесі Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мұхтарова , Б. С. Баймұқанова, А. Н. Бисенғалиева, Оқу кұралы «Фолионт» баспасы, Астана- 2007.

2 . Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению Е. И. Пассов, Москва «Просвещение»- 1999 г.

3. 12 жылдык жалпы білім берудің мақсаттары мен күтілетін нәтижелер Алматы,

2008 жыл.

4. 12 жылдык білім берудегі Эксперименттік сыныптарға арналған әдістемелік журналдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№26 мектеп – гимназиясы

 

 

 

 

 

 

Мектепішілік VI педагогикалық оқулары

 

 «Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тіліне

 қызығушылығын арттыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:  Смагулова Анар Смагуловна

                                                                                       ағылшын тілі мұғалімі

 

 

 

 

 

Екібастұз қаласы 2014 жыл

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.75 Mb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 232

Похожие материалы