Баяндама тақырыбы: Электронды оқыту жүйесін енгізу жағдайында информатика пәні бойынша білім беру контенттерін жобалау технологиясы

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ»

мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның

және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы

аудандық тамыз педагогикалық кеңесі

 

 

 

 

«Информатика мұғалімдері» секциясы

 

 

Баяндама тақырыбы:

Электронды оқыту жүйесін енгізу жағдайында информатика пәні бойынша білім беру контенттерін жобалау технологиясы

              

 

 

 

 

     Баяндамашы: Джангалиева Махаббат

                              №5 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

         

    

 

 

     Секция жетекшісі: Мушаханова Нұржамал

                                            №1 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРЫҚ СЕЛОСЫ

2014 жыл

 

Электронды оқыту жүйесін енгізу жағдайында информатика пәні бойынша білім беру контенттерін жобалау технологиясы

 

Білім беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда. Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына  көңіл бөліп отыр.

Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

         Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

 Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушының әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

1)оқытудың жалпы мақсатын қою;

2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3)оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;

4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);

5)нәтижені бағалау енеді.

Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Интерактивті әдіс кезінде:

·        сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

·        ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

·       онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

1.     мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);

2.     өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);

3.     шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4.     белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда);

5.     кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:

1)олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1)фактілерді еске алу;

2)ойлану;

3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

5)баға беру (сапасын анықтау).

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.

Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.

Интерактивтік оқыту технологиясы:

1.жұптасып жұмыс істеу;

2.ротациялық (ауыспалы) үштік;

3.карусель;

4.шағын топтармен жұмыс;

5.рольдік (іскерлік) ойын;

6.дискуссия;

7.дебат т.б.

         Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы:

тұлғаның қызығушылығын туғызады;

әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

 

         Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 43.5 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 145

Похожие материалы