Бақылау диктанты «Жетісудың өзендері» (6 класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы: Бақылау диктанты  «Жетісудың өзендері»

Сабақ мақсаты:  а) Зат есім  тақырыптары бойынша білімдерін тереңнен ұғындыру Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

ә) ) дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуіне, сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне машықтандыру;

б) табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Диктанттар жинағы

Күтілетін нәтиже:

1.     Өтілген тақырып бойынша емле, ережелерін біледі.

2.     Зат есімдерді таба алады

3.     Сауатты жазуға ұмтылады.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

 Өткекн тақырыптар бойынша қайталау

Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтіру

Жалпы зат есм дегеніміз не?

Жалқы зат есім дегеніміз не? Ережелерін еске түсіру

Диктантты бір мәрте оқу

Қиын сөздерді тақтаға жазу

 

Жетісудың өзендері

Биыл Жетісудың таулы өңірінде жауын-шашын мол болды. Көк қалың. Ешкіөлместің етегіне жеткен кезде өзі де байқады,  шөп бітік те биік өсіпті. Қазірдің өзінде белуардан келіп тұр. Жауын-шашын аз болған жылы жерге тырбиып өсетін тобылғының өзі бүртік сап тұр.Күнгей бетіне де кілем түгендей болып, көк жасыл қалың шөп өсіпті. Осының бәрі Нұрмолда көзінің шырынын қандырып еді. Тау биігінде әлі қар жоқ. Көксу мен Тентек кенересінен асып жатыр. Тентек десе Тентек! Тауды қақ жарып өтеді. Бұлан-талан болып құтырып ағады. Суының онша көп еместігі қарамай, кей жылдары жолындағысын жайпап кетеді.

Жетісуда Тентек –екеу. Бірі –сонау Алакөл бойында. Бірі- осы. Нұрмолда Ешкіөлместің Көксуға тірелген қырқасынан асып бара жатты.

 

Тапсырма:

1.Жалқы зат есімдерді тауып жаз.

2.Жалпы зат есімдерді тауып жаз

 

Бекіту.

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

 

Тексеру, бағалау

 

VІ. Үйге тапсырма: Қайталау ережелері. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.66 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 144

Похожие материалы