Бақылау жұмысы. 6 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Кулнашарова Анар Есенбеккызы
|
Бақылау тапсырмалары 6 сынып
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аудару.
Менің Отаным - Қазақстан.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан халқының қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар шығарылады.. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада саябақтар,мектептер, мөлтек аудандар көп. Саябақтар өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?
3. Қазақ тілі – Қазақстан халқының несі?
4. Қазақ тілінде нелер шығарылады?
5. Қазақстан Республикасының астанасы?
6. Мұнда қандай ұлт өкілдері тату - тәтті тұрады?
3. Фонетикалық талдау жасау.
Қазақстан. Бала.
4. Тестілеу.
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
а) 40 ә) 33 б) 42
2. Дауыссыз дыбыстар қандай болады?
а) еріндік, езулік, ашық
ә) жуан, жіңішке, тұйық
б) ұяң, унді, қатаң
3. Тек жуан дыбысты сөздерді көрсет.
а) әке, шеше, әже
ә) отбасы, ата, ұл
б) қыз, апа, сіңілі
4. Қазақ тіліне тән дыбыстар қатарын көрсет.
а) а,о,ұ,к, г,р,ң,у,ө,ы
ә) қ,ғ,ң,һ,ә,ө,ү,ұ,і,ы
б) с,т,ә,ұ,р,ф,х,у,к, и
5. Қазақ тілінде неше буын түрі бар?
ә) 3 ә) 4 б) 2
6. Синонимдерді тап.
а) үлкен, кіші, биік
ә) апа, ана, шеше
б) үстінде, астында, қасында
7. Антонимдерді тап.
а) күн-түн
ә) қара-қызыл
б) оқы-жаз
8. Омоним болатын сөздерді тап.
а) оқушы, шәкірт, мұғалім
ә) ат, жаз, қара
б) есік, терезе, оқы
9. Қосымша неше түрге бөлінеді?
а) 2 ә) 3 б) 4
10. Буын түрлерін ата.
а) жуан, жіңішке, ашық
ә) ашық, тұйық, бітеу
б) ұяң, бітеу, қатаң
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.38 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |