«Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Ибраева Айнагуль Маратовна
Материал «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбие сағаты автора Ибраева Айнагуль Маратовна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
1-жүргізуші: Ұлы күшке сенген күн Фашистерді женген күн. Ағаларға ерген күн, Бақыт гүлін терген күн-деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады) Немересі: - Бүгін меннен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі) Әжесі: - Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады). Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сойлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді. (Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады). Немересі: - Әже, соғыс, соғыс басталды! (әжесін құшақтап жылайды) Радио: тыңдаңыздар! Тыңдаңыздыр! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, Жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаңыздар.