Бердібек Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Таласқалиева С.А

Ақтөбе облыстық  (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар меектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым - Қожа»

                                             повесіндегі Қожа бейнесі

   Сабақтың мақсаты:

   Білімділік: повесть мазмұнын ұғындыру, Жантаспен салыстыра   отырып Қожа бейнесін талдау;

   Дамытушылық: оқушының қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытындылау. Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту;

   Тәрбиелік: оқушылардың бойына танымдық, эстетикалық, имандылық қасиеттерді бойларына сіңіру, адамгершілікке тәрбиелеу;

   Түзетушілік : тіл дыбыстарын анық айтуларын қадағалау, үнемі түзету жұмыстарын жүргізу;

Сабақтың көрнекілігі: Бердібек Соқпақбаевтің портреті, интерактивті тақта, кеспе қағаздар

 Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау;  қызығушылықты ояту, сұрақ – жауап, Венн диаграмасы, тест;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Амандасу

                             Қабылдағышты киіңдер: Арайлым сен қалай естисің?

  Қазір қандай сабақ болады?

ІІ. Тіл жаттығулары:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс айларын ата

- Айбек, Бексұлтаннан сұра:  «Менің атым - Қожа» повесінің авторы кім?

-Арайлым, Айбектен сұра: Повестің алғашқы атауы қандай?

- Қожаның анасының аты кім?

- Қожаның әкесіне борышты адам кім?

ІІІ. Кезекші дыбыспен жұмыс: Балалар бүгін бізде кезекші дыбыс М-Н дыбыстары

ІV. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге тапсырма кейіпкерлер әлеміне шолу.

VI. Қызығушылықты ояту: «Мынау кім?» ойыны

- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш?                                                            ( Жантас)

- Мен оқулық, емес қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.     

(Қожа )

- Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.                                (Майқанова)

- Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойынымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр.                                      (Сәйбек қарт )  

- Келесі сабақта қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер?  ( Оспанов )     

 « Қай сәт бейнеленген? »

1.Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан суық терім шығып кетті. « Ох, шіркін – ай!»

( Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна Пушкиннің   «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағанда )

2.   « Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді, қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»

( Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт )

Топтастыру: Интерактивті тақтадан орындайды.

 Ой толғаныс:

« Білген сайын келеді біле бергім... »  ( Оқушыларға кеспе карточкалар үлестіріледі )

1.Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?

3.  « Қысқы кешті » жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

4. « Қысқы кешті » жаттамаған Жантас  не істеді?

 

Венн диаграммасы бойынша Қожа мен Жантасты салыстыру

( интерактивті тақтадан орындайды )

 « Сергіту сәті » Сөзжұмбақ шешу (интерактивті тақтаданорындайды.)

Тест тапсырмаларын орындау: Әр оқушы орындарында отырыпорындайды.

 

VII: Сабақты қорытындылау: Балалар бүгін сабақта не істедік?

Қандай повесть туралы әңгімеледік?

Повесть кім туралы?

VIII. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: «Теріп алу» стратегиясы бойынша Қожаның  мінезіне сай келетін сөздерді теріп  жазу: алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, тапқыр, қателіктерін тез түсіне біледі, жағымпаз.

 

 

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 11.85 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 97

Похожие материалы