Бейімбет Майлин "Түйебай" әңгімесі
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Дуйсенгалиева Назерке Канатовна
|
Түйебай
Біздің ауылдың жайлауы Қоржынтомар дейтін жер. Қоржынтомар екі жағы қоржын секілді бүйірлі, ортасы үзіліс -алшақ. Томардың ортасы Қүрақты көл; біздің ауыл ылғи күншығыс жағында отырады. Ауыл отыратын жағында томардың кезең суаты бар. Бала-шаға күн ұзаққа сол суатқа суға түсіп, ішіміздегі бойшандарымыз орталықтағы құраққа да барады; ең жаңа көшіп келген әзірде, құрақтың ішінде, ескі қамыс саңылтырларды судың бетіне жинап үйіп, шағала жұмыртқа салады. Өзіме тете ағам бар; менен екі-үш жас үлкен болғанмен, менің бойым оныкінен аласа емес. Суға түскенде көбіне соған ілесіп, қамысқа барам. Жалтыр тайыздап сала береді. Жұмыртқа іздейміз... кей жерлерде су бетінде калқыған ұя, шағып тастаған жұмыртқаның қабықтары кездеседі.
- Балапанын шығарып әкеткен ғой, - дейміз.
Кей кездерде ырысымыз жеңсе, қалқыған ұяның үстінен тап-тарғыл болып жатқан шағаланың кішкене сопақ жұмыртқасы кездеседі. Ел биыл жайлауға соңырақ көшіп келген. Екі-үш күннен бері Қоржынтомарды аралап бітірдік. Мәз жұмыртқа тапқамыз жоқ. Қоржынтомардың күнбатыс жағындағы өзектің аңғарында Қарақөға дейтін кішірек көл бар. Қарақоғаның суы тайыз, қоғасының арасы түйенің өркешіндей бұйраланып жатқан томар. Сол томарларға шүрегей үйректер жұмыртқа салады. Басқа үйректер де кенже салатын болғандықтан шүрегейдің жұмыртқасы ел жайлауға қанша кешігіп келсе де, уыз болады.Талай аралап алғанымыз бар, томардың қуысына салып бетін шөппен бүркеп кетеді екен. Карақоға көз ұшында көрінгенмен біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. Оған барған адам кешсіз келе алмайды. Бұрын кол бос кезде кілең бала қосылып, салып ұрып жүре беруші едік. Менің тәугі оқыған жылым ғой, молданың қандайының жақсы, қандайы жаман екенін мен қайдан білейін: менен басқа бұрыннан мектеп көрген балалар өзара: «Өте қатаң молда» деп сөз қылысады. Мен әжемнің кенжесімін. Кенжесі болғандығымнан шығар деймін, бөтен балаларынан гөрі мені еркелеткен секілденетін еді. Киіз үйге шыққан соң мені молдаға тәу апарып бергенде де:
- Молдекесі, кенже балам еді, әзі өте қорқақ, тым ұра бермессіз, - деген. Оның үстіне бейсенбі сайын тоң май болса, жұка нан пісіріп, молдекемді конақ қыламыз. Конаққа ылғи мен өзім шақырамын.
- Молдекесі, шәкіртіңе батанды берші, - деп, келген сайын әжем бес тиындық қара бақырды бармағына қыспай жіберген емес.
Осындай мәпелегеннің арқасында мен таяқтан сау болдым. Басқа балалардың бәрі де жұма сайын шақырады, шақырмайтын жалғыз-ақ Түйебай. Түйебайдың әкесі керші ауылдағы Ермағамбет дейтінде малайлықта. Қатыны, екі баласы біздің ауылда. Жұлым-жұлым қара үйі бар. Ата жөнінен бәрімізбен тумалас. Қатыны Есмағамбеттің үйінің малын сауады. Түйебайды шешесі молдаға берді. Түйебай тентектеу, көбіне шешесінің тілін алмайды. Сол өшін алайын дегендіктен бе, шешесі молдаға тәу апарғанда:
- Тентек болса, ұрып-ұрып қой, еті сенікі, сүйегі менікі, - деді.
Бәріміз бірге оқыдық, сабақтаспыз, зеректігі бізден кем емес, бірақ бастап оқығаннан-ак Түйебайға молданың қылығы келіспеді. Алғашқы кездерде «ақымақ, хайуан!» деп сөгетін болды. Жүре-жүре құлағын бұрайтынды шығарды. Бірқатар окыған жиырма шақты баланың ішінде Түйебайдан бұрын таяқ жегені болмады. Кешкілік жат сабақ жаттатады. У-шу болып ауылды басымызға көтереміз.
Екінді әлетінде, биені ағытып жатқан шамада, тындатады.Алдымен кезек Түйебайға келеді. Мүдірмей айтып шығып кетсе амал жоқ, әйтпегенде қамшымен сыдырып салады. Бірақ Түйебайдың бір қасиеті, қанша таяқ жесе де, көп жыламайды, мұқап жасымайды.
Жайлауда ел арасы жиі. Бір белестің астында апам ауылы бар. Бір күні әжем екеуіміз сонда барып қонып, ертеңіне келдік.Кешірек келсек сабаққа бармайтын едім, екіндіден жоғары болған соң әжем:
- Сабағыңа бар, - деді. Бір күн болса да, мойным босап, босаңсып қалған екем, имандығымды қолыма ұстап, еріне басып келе жатыр едім, артымнан біреудің даусы естілді. Карасам Түйебай екен.
- Сабаққа барасың ба, - деді, жаныма ентігіп жүгіріп келіп. -Әжем бүгін науқастанып қалып, бұзау кетіп қалған екен, соны жаңа зорға тауып әкелдім, - деді. Кешігіп қалған баланы молданың ұратын әдеті. Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған, Түйебайдың сылтауы шамалы, сондықтан оның таяқ жейтініне менің де, өзінің де көзі жетеді
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.56 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |