Бейінді оқыту-жеке тұлға қажеттілігінің перспективті және ахуалды дамуына, қоғам мен мемлекеттің білім сапасын арттырудағы негізгі құрал.

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ,  тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр.  Сол себептен де  өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына  ден қоюға тура келеді.  Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі басты мақсатқа алынып отыр. Бейінді-бағдарлы оқыту, ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни бейінді-бағдарлы оқытудан өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білемін.

 

 Бүгінгі таңдағы үздіксіз білім беруде мұғалім қызметінің сапасы  бүтіндей қоғамға қатысты  этикалық міндеттерді таратушы ретінде көрінеді. Жеке тіл табысу, жақсы қарым-қатынас жасау дағдылары,жазбаша есептер әзірлей білуі, ауызша баяндамалар жасай білу,  ақпараттық-техникалық презентациялар  дайындай білу және өткізе білу тәжірибесінің болуы, жақсы коммуникативтік қасиеті болуы,  нақты және ықшам есеп, логикалық тапсырмалар әзірлей білуі  қажет . 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 6.11 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 99

Похожие материалы