Здесь была ссылка на работу Бейнелеу өнері «Ою түрлері» автора Абилова Айжан Азирхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Бейнелеу өнері пәні-оқушыларды зейінділікке және қоршаған әлемдегі әдемілікті аңғаруды, дүниенің тұтастығын және әр алуандығының қабылдауды бейнелеу өнері шығармаларын қабылдап, сурет салып үйренуге баулуды мақсат етеді. Сондықтан да осы пәнге деген оқушылардың қызығушылығын арттыруда сабақты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. «Бейнелеу өнері«пәні бойынша 1-сыныпта өткізілген Абилова Айжан Азирхановнаның «Ою түрлері» тақырыбы бойынша өткізген сабағы жарыс түрінде ұйымдастырылған. Мұғалім сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын тақырыпқа сай жоспарлаған. Сабақ дүниетану, еңбек пәндерімен байланыста құрылған. Сабақта көрнекілік, сұрақ- жауап, мультимеди тақтаны пайдаланды. Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар да әзірленген. Оқушыларға сабақта сақталатын қауіпсіздік ережелер ,әсіресе, бояумен қайшымен жұмыс жасау ережелері ескертілді. Сабақ кезеңдері жоспар бойынша толық сақталды. Дайындық бөліміне 15 минут, негізгі бөліміне 35 минут уақыт жұмсалды. Мұғалім « қошқармүйіз» оюының суреті бар дайын бұйымдарды оқушыларға көрсете отырып, оюдың қазақ халқының басты ерекшелігі болғандығына назар аударды. Үй жиһаздарына, ыдыстарға ою салуда дөңгелек, ромб, шаршы тәріздес пішіндерге ойылған трафареттер мен оқушылар ұқыпты жұмыс жасауға бағытталды.Сабақ соныңда орындалған жұмыстар тексеріліп, көрме ұйымдастырылды. Ең бастысы, материалды меңгерудің деңгейлігін тақырыпаралық байланысты бұзбай теориялық материалды баяндаудың тізбектілігін сақтады. Абилова Айжан Азирхановнаның өткізген «Ою түрлері» тақырыбы бойынша сабағы бастауыш сынып мұғалімдерінің бейнелеу өнері пәні сабағында пайдалануға ұсынуға болады.