Бейнелеу өнері пәнінен орта мерзімді жоспарлау үлгісі. ( 5 сынып)
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Хайдаров Айдос Танатканович
|
Сіздерге ұсынылып отырған орта мезгілді жоспарлар 5- сыныпқа бейнелеу өнері пәнінен 4 cабаққа құрылған. Бұл төрт сабақтарым Графика және түрлері, Пластикалық анатомия "Портрет" жанры 2 сағаттан берілген тақырыптар.
Бұл тізбектелген сабақтар топтамасының негізгі мақсаты:
-оқушыларымның бойында өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Орта мерзімді жоспар құрғанда төмендегідей мақсаттарды қамтыдым:
- Өзімнің көшбасшылығым арқылы әр сабақта берілген тапсырмалар тізбегін орындату , сабақтарымда АКТ-ны пайдалану арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
-Диалогтық оқу арқылы суретшілер шығармаларын талдату барысында оқушыларымды суретші шығармасында нені көрсеткісі келді деп сыни тұрғыдан ойлату;
-Талантты және дарынды балаларға қосымша, арнайы тапсырмаларды бере отырып, олардың одан әрі ынтасын арттыру;
-Жас ерекшеліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-Оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді пайдаланып, оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелей отырып, өзін – өзін реттеуге,ойлары мен пікірлерін айқын жеткізіп, топта жұмыс істей отыра әр оқушы өзіне сенім артып, өзін – өзі және өзара бағалауға үйрету.
Ұсынылып отырған орта мерзімді төрт сабағымда деңгейлік оқу кезіндегі алған білімімді жоспар құруда кеңінен қолдануға тырыстым.
Жеті модульді сабақтарыма енгізе отырып оларды жоспарымдағы бар модульдердің бір-бірімен ықпалдасуына, жоспарлардың үйлесімді болуына көп көңіл бөлдім.
Жоспардағы Графика өнері мен Портрет жанры тақырыбындағы сабақтар өзінің күрделілігімен қатар , оқушылардың қызығушылығын оятатын сабақтар.
Графика өнерінің түрлерімен таныстыра отырып олардың істелу жолдарын түсіндіру.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Графика өнерінің бір түрі Линагравюра.
5 сынып оқушыларына тек таныстыру үшін берілген тақырыпты оқушылар өздері істелу жолдарын көріп, көшірмесін алсын деген ой туды.
Қауіпсіздік ережесіне байланысты оқушыларға рұқсат етілмейтін графика өнерінің бұл түрін мен линолеуммен істелінген шаблондарды алдын ала дайындап, оқушыларға тек көшірмесін алдырттым.
Дайындалған шаблондарды қазақ халқының салт-дәстүріне, мақтаныштарына, құндылықтарына сай келтіріп, оқушыларға көшірме ала отырып, алынған көшірмелеріне түсініктеме беріп, оларға өз ойларын айтқызып сыни ойлатқым келді.
Портрет жанрындағы сабақтарда бірінші сабақта суретшілер салған портреттердің эмоционалдық көңіл-күйлеріне қарай жинақтап, олардың неге осындай көңіл-күйде екендігіне қысқаша әңгіме құратқыздым.
Ондағы мақсатым оқушылардың қиялдарын дамыту, шешендік қасиеттерін ашу болатын.
Екінші сабағымда топтарға ата, әже ,әке , ана портреттерін салғызып салынған портреттерінің қасына салынған суреттерге тән қасиеттерін жазғыздым.
"Бес жолды өлең стратегиясы арқылы ата-анаға деген сезімін күшейту, құрметін арттыру болды.
Әр сабақта қабілеттеріне сай оқушыларға әр түрлі суреттер, тапсырмалар беріліп отырды.
Осындай әдіс-тәсілдер арқылы сурет салуға қабілеті жоқ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дарынды балалардың да қызығушылығы жоғалмас үшін оларға да күрделі тапсырмалар беріліп , кейбіреулерінің көшбасшылық қасиетін ашуға тырыстым.
Сабақтарымдағы күтілетін нәтижеге келетін болсам, оқытудың бұл әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларда бір-біріне деген достық, ынтымақтастық сезімдері артып, өздеріне деген сенім қалыптастыру.
Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Әсемдікке, әдемілікке баулу.
Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.
Өз ойын ашық жеткізе білетін, сыни ойлай алатын тұлға болуына ықпал ету.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.68 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |