Бейнелеу өнері сабағынан ашық сабақ (2 класс)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Раушанова Газиза Нурлыбековна
|
Бейнелеу өнері сабағынан ашық сабақ.
Тақырыбы: Жолақтағы геометриялық өрнек
Мақсаты:
Білімділік: Жолақ, геометриялық пішіндерді еске түсіре отырып өрнек құруға оны альбом бетінде орналастырып бояуға үйрету.Өрнек туралы түсінік бере отырып,сурет салу кезеңдерін сақтай отырып жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Түзете-дамытушылық: сенсомоторлы дамуын ой-өрісін, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, таным процестеріндегі олқылықтарды түзету.
Тәрбиелік: тиянақты жұмысқа,таза әдемі бояуға,сабақтағы өзін-өзі ұстау ережесін орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, шаблондар, үлестірмелі қағаздар, түрлі –түсті дөңгелектер, сөздер, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Пәнаралық байланыс: математика
Жұмыс түрі: жеке, топпен
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды орнынан тұрғызу.
Мектебін аңсап сағынып
Балалар келер ағылып
Ашылған гүлдей арайлы
Көшенің бәрі қарайды.
Бізге мұғалімдер қарайтынын айтып, ерекше сабақ екенін хабарлау.
Оқу құралдарын тексеру.
Дем алу жаттығулары.
Оқушылар жұдырықтарын жұма оң қолдарын жоғары көтеріп,дем алады. Сол қолдарын ішіне қойып,оң өолдарын түсіре дем жібереді.
Тіл мен ерінге жаттығу.
- «күлкі» езуімізді жиырып күлеміз,қалыпқа келтіреміз;
-«аула» ауыз ашық, тістерімізді бір-біріне тақау;
-«трубочка» аузымызды үрлеу қалпына келтіру;
-«күрек» аузымыз ашық, тіліміз астынғы ерінде;
-«тілді жазалайық» тілді тістеу;
-«сағат» тіліміз оңға,солға;
-«тәтті тосап» үстіңгі ерінді жалап,тамсану;
-«әткеншек» ауыз ашық күйде тілді жоғары-төмен;
-«саңырауқұлақ» тіл таңдайда ұстап тұру;
-«доңғалақ» ауызымыз жабық,тістің сыртымен тілді айналдыру;
-дыбыстарды әндету
Өткенді қайталау.Ой қозғау.
-Бүгінгі сабағымыз геометриялық пішіндермен байланысты болмақ, сондықтан пішіндерді еске түсірейік.
Суреттері көрсетіледі.
Ойын «Қандай фигура жоқ?»
-Енді түстерді еске түсіреміз.
Паномен жұмыс.
Сабақтың тақырыбын хабарлау.
-Балалар біз бүгін «Жолақтағы геометриялық өрнек» деген тақырыпта сурет саламыз.Суретін көрсету,талдау.
Жаңа материалды түсіндіру.
Өрнек, жолақтағы геометриялық өрнек.
-Қарап алдық қандай сурет салатынымызды, ендеше альбом бетіндегі кеңістікте бағдар жүргізейік.
Саусаққа жаттығу
Практикалық жұмыс.Әрбір кезеңді орындаған сайын күзгі жапырақ жинайсыңдар, сол бойынша бағалар аласыңдар.
1кезең. Жолақ шаблонымен альбом бетін 3 жолаққа бөлу.
1кезең орындалды сергіп алайық.
Сергіту сәті.
2кезең. Ортаңғы жолақты таңдап бірдей шаршыларға бөлу.
2 кезең орындалды.
3кезең.Шаблондарды беремін суреттегідей орналастырамыз.
Музыкамен жаттығулар орындау. «Ғажайыпстанға саяхат» өлеңі
4кезең.Үшбұрыш пен дөңгелекті кезектестіріп бастыру,бояу.
2 шаблонды бастырған соң сауықтыру жаттығулары.
Жұмысты аяқтау.
«Кімде қандай дөңгелек?»ойыны.
Көрме ұйымдастыру.
Жұмыс орнын жинау.
Жаңа материалды бекіту.
-Қандай тақырыпта сурет салдық?
-Әңгімелеп айтыңдар.
Қорытынды.
-Не үйрендік?
Бағалау.
Мадақтау арқылы бағалаймын.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 449.5 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |