Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың дарындылығын анықтау жолдары.
| Предмет: | ИЗО, МХК |
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы |
| Автор: |
Жанмукашева Куралай Кенесовна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік , ұлттық , халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің , барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 13 бет) Осы бағдарлама бойынша талантты және дарынды балаларды оқыту модулін алудағы мақсатым : бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың арасынан өнерге деген қызығушылығы бар , қабілеттілігі бар оқушыларды сабақ барысында қабілеттілігін ашу. Осы модульдің негізі балалардың қабілеттіліктерін , біліктілігін әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға сабақ барысында жағдай туғызу қажет.Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс – әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Мен оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтадым. Оқушылар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Мысалы : әртістік, спорттық немесе басқа таланттарымен танылуы да мүмкін. Менің тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымда , бейнелеу өнері пәніне деген соның ішінде сурет салуға деген икемді , бейім оқушыларды байқадым.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 52,6 КБ |
| Количество скачиваний: | 10 |