Кескіндеме өнерінің жанрлары. Сабақ жоспары. 6 сынып

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мұғалімнің аты-жөні

Амирова Гульжан Медетқызы

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

Сыныбы:

6 а

Пәні:

Бейнелеу өнері

Сабақ тақырыбы:

Кескіндеме өнерінің жанрлары.

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты,пән бағдарламасы, Авторы:З Айдарова

Баспасы: Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты:

Кескіндеме өнерінің жанрлары туралы білімдерін тереңдету

Әдіс- тәсілдер:

Блум таксономиясы , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Күтілетін нәтиже

Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар

Оқушыларды өнертанушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дереккөздер

Интернет деректері,сайттар,ресурстар,суреттер, энциклопедия,Кинофильмнен үзінді(бейнебаян

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

ІІ Өткен сабаққа қысқаша шолу

«Мен – саған, сен- маған» әдісі арқылы сұрақ -жауап алу (диалогтік оқыту)

І топ:

1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
2. Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
3.Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
ІІ топ: 1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді

ІІІ Білу ,тану

Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді

Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер.Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар.Олар : тарихи,тұрмыстық,соғыс тақырыбы,жануарларды бейнелеу,адам келбетін бейнелеу,натюрморт,теңіз пейзажы және табиғатты бейнелеу.

«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда
өлі табиғат француз сөзі
бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.

Пейзаж-қоршаған ортаны бейнелеу,табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны,шындық өмірді әсерлі,нақты береді.

Тарихи жанр-маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді ,қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі.

Қолдану

«Бейнесюжет»

майлы бояумен

Натюрморт,

пейзаж салу әдісі

Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу

Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу

Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау

Талдау

Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек.

Сыни ойлана отырып , А Ғалымбаеваның «Дастарқан» атты натюрмортын орындайды

Пейзаж. И Левитан «Алма ағашы гүлдегенде»

Жинақтау

Бағалау

БҮҮ кестесін толтыру

БҮҮ кесесін толтырады

білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

Бағалау

Қорытынды баға қою

Күнделікке бағаларын қойғызу.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерін айту

Сабақтан алған әсерін айтады

Кейінгі тапсырмалар

  • Натюрморт жанрын бейнелеген суретшілер турал мәліметтер жинақтау.
  • Натюрморт,пейзаж салу
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.65 Kb
Количество скачиваний: 93
Просмотров: 274

Похожие материалы