Здесь была ссылка на работу БИОФИЗИКА автора Жакипова Айнур Азимхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғары кәсіби білімін арттыруға бағытталған дайындау жүйесі. Бұл білім бізге физикалық процестерді біртұтас қарастыруға, физикалық әлемдітүсінуге және жаңа технологияны игеруге көмектеседі. Бағдарлама физика бөлімдерінің байланыстылығын, физика әлемін терең білуге, айналамызды танып білуді және оқушының болашақ мамандығын өздігінен таңдауына көмектеседі. Физика және биология пәндері арасындағы байланыс – оқушылардың дүние-танымдық нанымдарын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Екінші жағынан, оқушылар физика заңдылықтарының техникадағы қолданысын ғана біліп қоймай, физиканың тірі табиғаттағы бет – бейнесі айқындалады. Ғылымыдар арасындағы сабақтастық пен пәнаралық байланыс жүзеге асады, мамандық таңдауға қызығушылықтары туындайды. Курс мақсаты: - оқыту бағытына енетін пәндерді тереңдете оқытуды қамтамасыз ету; - қабілеттілікке, бейімділікке, қажеттілікке, сәйкес білім алуға баулу; - әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, өзін-өзі тану; - жалпы және кәсіби білім берудегі сабақтастықты арттыру; Курс міндеті: - танымдық белсенділік; - өмірмен байланыс; - кәсіптік оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастық; Курс талаптары: - жеке тұлғаны дамыту; - практикалық іс-әрекет; - интеллектуалдық кәсіби-дағдыны қалыптастыру; Нәтижесі: - Кәсіби бағыттағы, табиғаттағы құбылыстарды зерделей отырып, есептер құрастыра біледі; - Пәнаралық байланысты меңгереді; - ғылыми негіздерін меңгереді;