Биология пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық

Предмет: Биология
Категория материала: Тесты
Автор:

Елбасы ұсынған «Интеллектуалдық ұлт - 2020» ұлттық жобаны жүзеге асыруда және білім беру жүйесін әлемдік инновациялық даму жолына түсіруде ҰБТ-ның атқаратын міндеті зор.

ҰБТ жөнінде мынандай «тест баланың сөйлеу мүмкіндігін шектейді және ықтималдықпен ойша белгілеп, жоғары ұпай, сондай-ақ жаттанды білім алады» деген пікірлер айтылып жүр. Мен бұндай пікірлерге қарсымын. Көп жылдан бері биология пәні мұғалімімін. Осы жылдар аралығында түрлі сынақтар мен емтихан, тест сынақтарын өз тәжірибемнен өткіздім.Осындай өмір тәжірибесін саралай келе мынандай ерекшеліктерді байқадым:

1)Мемлекеттің көмегімен әр ауданның орталықтарында тест тапсырады. Бұрынғыдай қаладан пәтер жалдап, ұзақ уақыт емтихан тапсырып нәтижесін күтпейді. Өз ауылында ақпарат құралдары арқылы біледі. Бұл жағдай ата – ананың қаржысына үнем болады;

2)Таңдау пәні бойынша төрт мамандық таңдап және грант алған соң оқу орынын, қайда оқитынын өздері таңдайды. Бұл да талапкерлерге берілген үлкен еркіндік және мүмкіндік;

Оның логикалық ойлау жүйесі, арнаулы саладағы терең білімінің , практикалық тәжірибелі іске деген ынтаның негізінде дамиды. Дамытудың маңызды шарты адамның табандылығы мен инициативасы болып табылады.

Қазіргі уақытта оқушыларды ғылыми білімдерге ынта-ықылас қоюға тәрбиелеуге және зерттеу еңбегіне деген қабілетті дамытуға қажетті негізгі мақсатттарды атауға болады:

Ғылыми көзқарас пен белсенділікті қалыптастыру;

өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салу;

интеллекті мен шығармашылықты дамыту;

туғаннан пайда болған интуицияны әрі қарай дамыту;

табиғи қасиеттерін, биологиялық білім деңгейлерін тереңдету;

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 658 Kb
Количество скачиваний: 233
Просмотров: 579

Похожие материалы