Биология пәні. Презентация: Терінің маңызы 8 сынып
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Мурынова Акмарал Исакызы
|
Сатылай кешенді талдау .Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі - инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу. Осы міндетті жүзеге асыру барысында бүгінгі педагогикада технология және инновация ұғымдары терең тамыр жаюда. Әсіресе,тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет.Биология пәні сабақтарында жүргізілетін талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.Осы жүйелі талдауды оқушыларға терең меңгертуде ғалым Н.А. Оразақынованың "Сатылай кешенді талдау" технологиясының маңызы зор. Сатылай кешенді талдау - оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелей меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын оқыту.
Бұл оқыту технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді:
1. Тұлғалық құрылымға бағдарлануға қарай оқушының өзін-өзі дамытуы.
2. Қолдану деңгейіне қарай - жеке пәндік.
3.Ұйымдастыру формасына қарай - сыныптық,сабақтық, жеке, жұптық,топтық, ұжымдық оқыту амалы.
4. Оқушыға қатынас амалына қарай - тұлғаға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие.
5.Басымдық танытатын әдісіне қарай - дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойын түрінде.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 2.59 Mb |
Количество скачиваний: | 40 |