Биология пәнінен 9-сыныптар бойынша сабақ жоспары:Макроэвалюция, оның бағыттары.

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Cабақтытың тақырыбы: §31 Макроэвалюция, оның бағыттары.                                                                                                         

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі -  оқушыларды макроэвалюция және оның бағыттарымен таныстыру.                                                                                                    

Дамытушылығы - оқушылардың  шығармашылық, ойлау қабілетін  арттыру.

Тәрбиелілігі - адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                  

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Хордалылардың ароморфозы суреті

 Сабақтың әдісі:     Сұрақ жауап,баяндау

 Сабақтың барысы:           І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                            ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

                                            ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

                                            ІV.  Бекіту

                                            V.   Қорытындылау

                                            VІ.  Бағалау

                                            VІІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

1.     Микроэвалюция ұғымы қандай үдерістерді қамтиды?

2.     Дарақтарды қандай негізгі қағида бойынша бір популяцияға бірігеді?

3.     Бұл ағзалар таралу аймағына қарай неге біркелкі орналаса алмайды?

4.     Географиялық және экологиялық түр түзілу арасында қандай айырмашылықтар бар?

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Эволюцияның негізгі бағыты қарапайымнан күрделіге қарай даму. Орыс биологі А.Н. Северцов органикалық дүниенің даму тарихында биологиялық прогресс пен биологиялық регресс болатынын ерекше бөліп көрсеткен.

Биологиялық прогресс — түрдің немесе баска да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің негізгі белгілері: жүйелік (систематикалык) топтагы даралар санының артуы; таралу аймақтарының кеңеюі; тағы да баска жүйелік топтарға ажырауы. Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі:

а)          түр дараларының саны артады; ә) түрдің таралу аймағы кеңейеді;

б)           жаңа популяциялар, түр тамактары, түрлер түзіледі. Биологиялық эволюцияның бағыттары. Академиктер — Алексей

Николаевич Северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады.

1.        Ароморфоз (Арогенез).

2.         Идиоадаптация (Аллогенез).

3.       Дегенерация (Катагенез).

1. Ароморфоз (грекше "airo"— көтеру, "тогрһа"— пішіні), арогенез — организмнің кұрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге әкелетін эволюциялық өзгеріс. Ароморфоздың нәтижесінде жаңа ірі систематикалықтоптар — типтер мен кластар пайда болады. Ароморфоздың нәтижесін кестемен берейік (2-кесте).

2-кесте

Негізгі ароморфоздар

Ароморфоздың нәтижесі

1

2

1) фотосинтез; 2) эукариотты жасушалар;

3) жыныс процесі;

4) кеп жасушалылық;

1} атмосферада оттектің жиналуы; 2) жасушада ядро мен органоидтердін пай­да болуы; 3) жасуша арасында генетикальщ ақпа-раттын алмасуы; 4) көп жасушалы организмдердің шығуы

5) екі жакты симметрия; 6) үшқабаттылык; 7) мүшелер жүйесі; 8) ішектің соңғы бөлімі мен аналь тесігі; 9) козғалыс, тыныс алу, канайналым жүйесі; 10) хорданын тірек мүшелері;

жалпак күрттардын (үш қабатты), жү-мыр кұрттардың, буылтык кұрттардын шығуы. Бассүйексіз хордалылардың шы-ғуы

1

2

11) өсімдіктердің үлпаларға жіктелуі; 12) жануарлар денесінін бөлімдерден тұруы; 13) жак сүйектерінің түзілуі; 14) омыртқалыларда аяк белдеулері-нІн дамуы;

өсімдіктін, сарышаяндардың алғаш күр-лыкка шығуы; белсенді қоректену, түрлі козғалыстар жасау

15) өсімдікте мүшелердің пайда болуы; 16 жүзбе канаттардьщ аякка өзгеруі; 17) ауамен тыныс алу мүшелерінің дамуы;

папоротниктәрізділер мен саусақканатты балықтардың күрлықка шығуы

18) іштей үрьщтану; 19) катты қабықты жүмыртқа, тері-нің мүйізденуі, түкымньщ түзілуі;

бауырымен жорғалаушылар мен ашық-тұкымдылардьщ шығуы

20) түкым мен тозан. түтігінін түзілуі;

жабық түкымды (гүлді) өсімдіктер пайда болды

21) 4 қуысты (камералы) жүрек; 22) артерия, вена қан тамырларына бөлінуі; 23) сүт бездерінін болуы; 24) гүл мен жеміс және жатырдың дамуы;

алғашқы жылы қандылардын (қара-пайым сүткоректілер мен қүстар — ар­хеоптерикс) шығуына себеп болды

25) ми кыртысының карқынды да­муы; 26) тік жүру

адамның шығуы

Ескерту. Кестедегі келтірілген материалдар заманның даму ретіне қарай берілді.

Ароморфоз мутациялықөзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде калыптасады. Эволюция барысында ароморфоз ұзақ уақыт сақталады.

Үлкен және кіші канайналым шеңберінің қалыптасуы — ароморфоздың жолы.

Сүтқоректілердің құрылым деңгейі — миының күрделенуі, тірі туу, жылықандылықпрогресс жолымен дамуы негізінде күрделенді (32-сурет). Сүтқоректілердің жылықандылығы басқа организмдер бара алмайтын Арктика мен Антарктидаға таралуына себепші болды. Организмдердің орта жағдайларына бейімділігі артып, жаңа кеңістікке көбірек таралуына әсерін тигізеді.

Өсімдіктердегі ароморфоз:

1) көбеюі — спорадан тұқымга көшуі (түкымның пайда болуы — ароморфоз); 2) гүлдің дамуы; 3) гүлден жемістің түзілуі; 4) Судан басқа құрлықта да ұрықтануы; 5) өсімдіктердің құрылысының күрделенуі және т.б. Эволюцияның даму бағыты:

а) бір жасушалылардан көп жасушалыларға;

ө) екі қабатты организмнен үш қабаттыға;

79

32-сурет. Ароморфоз. Омыртқалы жануарлардың мүшелер жүйесінін

күрделенуі

б) төменгі сатыдағыдан хордалыларга дейін дамуы және т.б.

2. Идиоадаптация (грекше "idios"— "ерекшелігі", латынша "adaptatio" — "бейімделушілж" деген магына береді), аллогенез — биологиялыққұрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік калыптасады.

Жануарлардыңбүркеніш (жасырушы) реңі, өсімдіктердің тікенектері, безді түктері, скат, камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпақ пішінді болуы — идиоадаптация (33-сурет).

Қорек аулау тәсіліне қарай, кұстардың аяктарындағы саусақтарының өзгеріске ұшырауы: жапалақ саусақтары (4 саусағы бірдей деңгейде) жемін бүріпұстауға; тоқылдактың саусақтары ағаш діңінде еркін козғалуға; құтанның ұзын сирағындағы саусақтары батпаққа батып кетпей, жеңіл қозғалып жемін табуға бейімделген. Идиоадапта­ция — тірі организмдердің тіршілік ортасына жеке бейңмделуі.

33-сурет. Идиоадаптация мысалдары: 1—камбала, 2—скат балығы

Жануарлардағы нағыз идиоадаптация — аяқтарының күрылысындағы ерекшеліктер (көртышқандар, түяктылар, ескекаяқтылар); құс тұмсықтарының түрлі пішінді болуы (жырткыш кұстарда — имек тұмсьщ, балшыкіпы құстарда — өте ұзын тұмсык, кайшыауыздарда — самырсын түқымдарын шағу үшін айқасқан түмсық., т.б.); түрлі жөндіктердің, балықтардың бүркеніш реңдері, т.б. Өсімдіктердегі идиоадаптация — тозаңдануға, жемістері мен тұқымдарын таратуға бейімделуі. Қандауырша мен омыртқалы жануарлардыңарғы тегі — ертедегі бассүйексіздер. Тарихи дамудың әсерінен қандауыршаның құрылым деңгейі күрделенбей, сұрыптаудың әсерінен теңіз түбіндегі құмда тіршілік ету бейімделушілігі дамыды. Әр типте немесе класта құрылым деңгейі бірдей көптеген түрлер әр түрлі тіршілік жағдайына бейімделген. Мысалы, балықтардың бір түрі тұщы суда, екіншісі тұзды суда, үшіншісі судың терең кабатында тіршілік етеді.

Скат — терең суды мекендейтін шеміршекті балықтардан шыққанымен су түбінде тіршілік етуге бейімделуге көшкен. Эволюция процесінде судың кысымы үлғайғандыктан скаттың дене пішіні де жалпайып өзгерді. Баяу қозғалатындықтан козғалу кызметін аткаратынқұйрығы жойылды, жыртқыштарға жем бола бастады. Сондықтан денесінде су түбінің түсіне (кұм, кайыр) ұқсас бүркеніш рең, жауынан қорғану үшін күйрық шаншары жетілді. Су түбі ете караңғы болғандықтан электрлі мүшесі пайда болып, жаңа жағдайга бейімделді. Скат балығының дене құрылым деңгейі ешкандай өзгеріске ұшыраған жок.

3. Дегенерация (катағенез; грекдце "kata" — қарапайымдану, кері кету) — эволюцияның үшінші бағыты. Бүл бағытта (дегенерацияда) организмдердің құрылысы карапайымданады, бірақ өлімге апармайды. Мұның мысалы ретінде паразит құрттарды алуға болады. Жалпақ құрттар жануарлардың ішінде тіршілік ететіндіктен олардың асқорыту жөне сезім мүшелері жойылган. Паразит құрттардың құрылысының бұлай қарапайымдануы құрттарға ешбір кедергі жасамайды. Қайта олардың иесінің ішегінде тіршілігін сақтап қалуга себін тигізеді. Жалпақ құрттардың шыққан тегі суларда еркін жузіп, тіршілік еткенімен олардың паразиттікке ауысуы кұрылысының карапайымдануына себеп болып отыр.

Организмдердің тіршілік ету ортасына пайдасыз мүшелері регреске ұшырап жойылып, оның орнына бейімделу ыңғайына карай жаңа мүшелер пайда болады. Дегенерация — жалпы кұрылым деңгейін карапайымдатып төмендету аркылы организмдердің бейімделгіштік өзгерісі.

•   Биологиялық процесс. Ароморфоз. Идиоадаптация. Дегенерация.

1.                         Биологиялык прогресс — жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймактарының кенеюі, баска да жүйелік топ-тарга ажырауы. Популяция мен түрдің тіршілік ортасына бейімделуі.

2.                         Биологиялык эволюцияның бағыттары: ароморфоз, идиоадап­тация, дегенерация.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1. Биологиялык прогресс дегенді калай түсінесіңдер?

2. Организмдер эволюциясынын басты бағыттарын атаңдар.

1. Биологиялык эволюцияның қай түрі организм топтарыньщ кұрылым

деңгейін күрделендіріп, жогары сатыға көтереді?

2. Ароморфозга мысалдар келтіріндер.

1. Идиоадаптация дегеніміз не?

2. 32-суреттегі балық, бака, кесіртке, кұс, маймылдардың дене күрылысынын күрделенуІн жеке-жеке талдап беріндер. Әркайсысьшмн тұсына кай мүшесі екендігін жазып, көрсетіңдер.

Құрттарда мезодерма кабатының пайда болуы ароморфозга жата ма? Жатса ол кандай құрттарда пайда болды?

1. Омырткалы жануарлардың жүрек кұрылысындағы ароморфозды талдап беріндер.

2. Биологиялық прогреске жетудің негізгі жолы қандай?

3.           Прогресс жолымен дамудың негізінде сүтқоректілердіңқұрылым деңгейінде қандай күрделенушілік болды?

4.           Өсімдіктердегі ең ірі ароморфоз деген не?

5.           Идиоадаптацияда организмдердіңбиологиялыққұрылым деңгейі өзгере ме? Өсімдіктердегі идиоадаптацияға мысалдар келтіріңдер.

V. Қорытындылау

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма   §31

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 727 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 203

Похожие материалы