Биология пәнінен презентация "Гуморальдық реттелу" 8 - сынып
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Баймаханов Мейрамбек Абилбекович
|
Деңгейлік бағдарламалар курсының "Мектептегі тәжірибе" кезеңінде өткізген бірінші сабағымның тақырыбы "Гуморальдық реттелу болатын". Сол сабақтың жоспары мен презентациясын сіздерге ұсынамын. Сабақтың негізгі мақсаты 8 сыныпта гуморальдық реттелудің түрлерін, бездердің құрылысын атқаратын қызметін оқушыларға үйрету болып табылады. Бұл сабақтан оқушылар бездердің қызметінің бұзылуынан болатын аурудың түрлерімен танысады. Мен бірінші сабағымды ұйымдастыру және топқа бөлу мақсатында тренинг өткіздім. Оқушыларды алдымен ортаға шығардым және қолдарына адам мүшелерінің суреттерін бердім. Олар басында суретке қарап не істеулерін түсінбей тұрды. Мен оларды суретке қарап қалай топтасуға болатынын айттым. Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіре отырып мүшелер жүйесіне бірікті.
Алдыменен мұғалім өзін көшбасшылық қабілетіне сүйене отырып сабақты қызықты, мазмұнды және нәтижелі етіп өткізуі тиіс. Бұл қасиеттерді амалға асыру үшін, негізінен, бір ай көлемінде алған білімім өте көп көмек берді деп есептеймін.
Оқушылардың ойлауын сыни тұрғыдан қалыптастыру мақсатында «Блум таксономиясын » қолдандым. Бұл ретте оқушыларға артында суреттері бар сұрақтар таратылды. Сұрақтарға жауап беріп болған соң артындағы суреттерді жинағанда бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы келіп шықты. Осы тапсырманы орындауға сынып оқушылары белсене және қызығып қатысты. Айта кететін болсақ: Дулат, Шыңғыс, Гүлдана, Мөлдір, Қанатбек өздерін сабақта еркін ұстады.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 294.9 Kb |
Количество скачиваний: | 118 |