Бөлек пішілген өңірастын алдыңғы боймен біріктіру.Ашық сабақ .

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Бөлек пішілген өңірастын алдыңғы боймен біріктіру.

Сабақтың білімділік мақсаты: Техникалық жағдайларды сақтай отырып бөлек пішілген өңірастын,алдыңғы боймен біріктіруді үйрету,білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Әр оқушының мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.Білімдерін дамыту,ойлау жүйесіне қозғау салу.

Тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке тәрбиелеу.

еңбек сүйгіштікке, зейін қоюға, өзін-өзі бақылай білуге,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Технология, жабдық, материалтану, құрастыру, өндірістік оқыту, инфарматика.

Көрнекілік: Интрактивті тақтаның көмегімен өткен тақырыптарға және жаңа тақырыптарға слайдтар, жакет үлгісі.

Қолданған әдебиеттер: И.Н.Литвинова. Я.А.Шахова. «Изготовление женской и детской верхней одежды .»

Л.М.Дашкевич. «Портной женской одежды.»

Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың қатысымын журнал бойынша тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Кіріспе бөлім.Артқы бойды - өңдеу. Үй тапсырмасы.

Толықтыруды қажет ететін тапсырмалар.

1тапсырма

5 тапсырма

Артқы бойды Ыжж өткізу.Үй тапсырмасы..

ІІІ Жаңа тақырыпты баяндау.

Бөлек пішілген өңірастын өңдеу 2 операциядан тұрады.

1 Бөлек пішілген өңірастын өңдеу.

2 Өңір астын бұйымға біріктіру.

Өңірастын өңдеу.

1 Өңір астының жалғамдарын қосып тігу.

Тж: Өңірастының жалғамының ең кіші бөлшегі 6см кем болмауы

тиіс.Жалғамның оң жақтарын беттестіріп жалғам жақ бетінен

қосып тігу.Тігіс ені-0,7см. Тігісті екіге айыра үтіктеу.

2 Өңір астын қатырмалау.

Тж: Теріс жақ бетіне қатырма жабыстыру. /флезелин, дублерин/

3 Өңірастының ішкі қиығын торлау.

Тж: Арнайы машинамен тігіс ені 5мм ,1см-3-3,5инешаншым.

4 Алдыңғы бойға өңірастын көктеу.

Тж:Бұйымды столға жайып ,өңірқиығын жұмысшы өзіне қаратып, алдыңғы бой мен өңірастын оң жақтарын беттестіріп өңірасты жақ бетінен көктеп тігу.Лацкан шығынқы бұрышында және ілмек тұсында өңірастын отырғызу.Отырғызу мата қасиетіне және лацкан формасына байланысты.Оң жақ алдыңғы бойды етектен жоғары көктеу,сол жақ бөлігін жоғарыдан төмен қарай көктеу.Қиғаш тігіспен тігіс ұзындығы 10-15мм .

5 Жия үтіктеу.

Отырғызған жерімізді жия үтіктеу.Үтік ұшымен, қиық шетінен 15-20мм ара қашықтыққа дейін.

6 Өңірқиығын жөрмеп тігу.

Тж: Өңірқиығын алдыңғыбой жағынын жөрмеп тігу.Етектен кертпеге дейін,тігіс ені 0,5-0,7см

7. Ұштарын қию.

Тж: Тігіске 2-3мм жеткізбей Ұштарын қию.Оң айналдыру.Ұштарын түзету.

8. Шеттік шығару.

Тж :Шеттік ені 1-2мм.Лацканда алдыңғы бойға қарай шеттік шығарады.

Өңір жиегінде өңірасты жақ бетіне қарай шеттік шығарылады.қиғаш тігіспен.Инешаншым ұзындығы 7-10мм.

9. Бұйымның етегін өңдеу.

Тж:Бір уақытта өңіржиегі мен бірге етегіде, белгілеген сызық бойынша бүгіп көктелінеді.

10. Өңіржиекті және етекті баса үтіктеу.

Тж: Лацканды алдыңғы бой жақ бетінен баса үтіктеу.Өңір жиегін ,өңірастыжақ бетінен баса үтіктеу.Үтіктейтін мата арқылы.

ІV Cабақты бекіту:

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 681.7 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 185

Похожие материалы