Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жүйесі
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Мамбет Цэрэг Мамбетович
|
Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының жобалық жұмыстарын бағалау критерийлері
Жобалық жұмыстың құрылымы
Жоба келесі құрылымдық элементтерден тұрады:
1) титул парағы (мектептің атауы, әзірлеушінің Т.А.Ә., қала және жыл көрсетіледі);
2) мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымшалар);
3) кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдебиеттердің негіздемесі, негізгі мәселенің құрастырылымы және қысқа мінездемесі);
4) негізгі бөлім (кіріспеде қойылған мәселе жүйелі түрде ашылады, дерекнама материалдарында осы мәселені шешудің жолдары қадағаланады, дәлелді ұстаным байқалады, оған деген әртүрлі авторлардың көзқарастары мен қарым-қатынасы көрсетіледі);
5) қорытынды (жобаның алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындылары шығарылады, зерттеу нәтижелерін нақты пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар немесе жалпы қорытындылар жасалады);
6) қолданылған әдебиеттер тізімі;
7) қосымшалар (қажет болған жағдайда);
8) слайд түріндегі таныстырылымдар.
Жобалық жұмысты әзірлеу және қорғаудың бағалауы келесі критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады:
1) теориялық және практикалық білім көлемі;
2) тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі;
3) шығармашылық;
4) нақты мәселелерді шешу үшін өз білімін қолдана алу икемділігі;
5) өз мәтіні мен таныстырылымын тақырыпқа сай және қисынды етіп құра алу икемділігі;
6) шешендік қабілеттері.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 187.81 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |