Білім беру, жаңғырту жағдайындағы инновациялар мен технологиялар
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Совет Мадина Муратовна
|
Білім беру, жаңғырту жағдайындағы инновациялар мен технологиялар
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық- техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріп, жаңа мазмұндағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындар пайда бола бастады. Сонымен қатар білім сапасына да қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда. Осы тұрғыда Міржақып Дулатовтың: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман» - деген өткен ғасырдағы қанатты өсиет бүгінгі таңда да өзекті, көкейкесті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжиірбелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Елімізді экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік қауымының өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мейірлі міндеті.{1, 12-14б}
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.7 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |