БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кудесова Гульдира Максутовна
|
Бұл баяндамада қазіргі заманға сай білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болатыны жəне осы заман ағымына қарай мұғалімнің қалай өзгеруі қажеттілігі жайлы берілген. Мұғалімнің кəсіби дамуы үшін өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен педагогикалық қоғамдастықтың маңызы жайлы нұсқаулық берілген. Іс-əрекетті зерттеудегі мұғалімнің оқушы белсенділігін арттыруы, тəлімгерлік тəжірибе негізі жəне əріптестерін үйретудегі нəтижелер мен қоғамдастық жұмысының жүзеге асырылуы туралы баяндалған.
Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əсіресе білім саласы үшін маңызды екені анық. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, əлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық т əжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен əдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда. Осыған орай əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасауы яғни жаңашыл болуы қажет. «Білімді ұрпақ- ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. «Білім саласына қызмет еткеннің бəрі Қазақстанның болашағына қызмет етеді» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев айтқандай, мұғалімдер қауымының өскелең ұрпақ алдында жауапкершілігінің зор екені белгілі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 82.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |